08 Желтоқсан 2020, 16:34
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 597-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағында стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тізбесінде:
«1. Қазақстан Республикасы қалаларының әуежайларында халықаралық авиатасымалдар үшін ашық өткізу пункттері» деген бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Түркістан |
Түркістан қаласы |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу