Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 04 ақпандағы №53 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 қаулысына өзгеріс енгізу және «Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшылары мен жаттықтырушыларын Паралимпиялық ойындардағы жоғары спорттық нәтижелерi үшiн материалдық ынталандырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 19 ақпандағы № 167 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының құрама командаларының спортшыларын мемлекеттік қолдау және ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы      22 қазандағы № 1098 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,    2010 ж., № 57, 553-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар бекiтiлсiн:

1) спортшыларға халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелерi үшiн өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудiң (бiр рет) мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:

Олимпиада ойындарында:

алтын медаль үшiн – 250000 АҚШ доллары;

күмiс медаль үшiн – 150000 АҚШ доллары;

қола медаль үшiн – 75000 АҚШ доллары;

4-орын үшін – 30000 АҚШ доллары;

5-орын үшін – 10000 АҚШ доллары;

6-орын үшін – 5000 АҚШ доллары;

Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарда:

алтын медаль үшiн – 50000 АҚШ доллары;

күмiс медаль үшiн – 35000 АҚШ доллары;

қола медаль үшiн – 25000 АҚШ доллары;

4-орын үшін – 14000 АҚШ доллары;

5-орын үшін – 6000 АҚШ доллары;

6-орын үшін – 4000 АҚШ доллары;

әлем чемпионаттарында (олимпиадалық спорт түрлерiнен):

алтын медаль үшiн – 15000 АҚШ доллары;

күмiс медаль үшiн – 7000 АҚШ доллары;

қола медаль үшiн – 5000 АҚШ доллары;

әлем чемпионаттарында (олимпиадалық емес спорт түрлерiнен):

алтын медаль үшiн – 2300 АҚШ доллары;

күмiс медаль үшiн – 1800 АҚШ доллары;

қола медаль үшiн – 1100 АҚШ доллары;

Азия ойындарында:

алтын медаль үшiн – 10000 АҚШ доллары;

күмiс медаль үшiн – 5000 АҚШ доллары;

қола медаль үшiн – 3000 АҚШ доллары;

Дүниежүзілік Универсиадада:

алтын медаль үшiн – 15000 АҚШ доллары;

күмiс медаль үшiн – 10000 АҚШ доллары;

қола медаль үшiн – 5000 АҚШ доллары;

Жасөспірімдердің Олимпиада ойындарында:

алтын медаль үшiн – 10000 АҚШ доллары;

күмiс медаль үшiн – 5000 АҚШ доллары;

қола медаль үшiн – 3000 АҚШ доллары;

Азия чемпионаттарында (олимпиадалық спорт түрлерiнен):

алтын медаль үшiн – 2300 АҚШ доллары;

күмiс медаль үшiн – 1400 АҚШ доллары;

қола медаль үшiн – 900 АҚШ доллары;

жастар арасындағы әлем чемпионаттарында (олимпиадалық спорт түрлерiнен):

алтын медаль үшiн – 3500 АҚШ доллары;

күмiс медаль үшiн – 2300 АҚШ доллары;

қола медаль үшiн – 1100 АҚШ доллары;

әлем рекордын орнатқаны үшін (олимпиадалық спорт түрлерінен) –      5000 АҚШ доллары;

2) жоғары нәтижелер көрсеткен спортшылардың дайындығын қамтамасыз еткен жаттықтырушыларға өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудiң (бiр рет) мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:

Олимпиада ойындарында:

алтын медаль үшiн – 250000 АҚШ доллары;

күмiс медаль үшiн – 150000 АҚШ доллары;

қола медаль үшiн – 75000 АҚШ доллары;

4-орын үшін – 30000 АҚШ доллары;

5-орын үшін – 10000 АҚШ доллары;

6-орын үшін – 5000 АҚШ доллары;

Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарда:

алтын медаль үшiн – 50000 АҚШ доллары;

күмiс медаль үшiн – 35000 АҚШ доллары;

қола медаль үшiн – 25000 АҚШ доллары;

4-орын үшін – 14000 АҚШ доллары;

5-орын үшін – 6000 АҚШ доллары;

6-орын үшін – 4000 АҚШ доллары;

әлем чемпионаттарында (олимпиадалық спорт түрлерiнен):

алтын медаль үшiн – 10000 АҚШ доллары;

күмiс медаль үшiн – 5000 АҚШ доллары;

қола медаль үшiн – 3000 АҚШ доллары;

әлем чемпионаттарында (олимпиадалық емес спорт түрлерiнен):

алтын медаль үшiн – 2300 АҚШ доллары;

күмiс медаль үшiн – 1800 АҚШ доллары;

қола медаль үшiн – 1100 АҚШ доллары;

Азия ойындарында:

алтын медаль үшiн – 5000 АҚШ доллары;

күмiс медаль үшiн – 3000 АҚШ доллары;

қола медаль үшiн – 2000 АҚШ доллары;

Дүниежүзілік Универсиадада:

алтын медаль үшiн – 15000 АҚШ доллары;

күмiс медаль үшiн – 10000 АҚШ доллары;

қола медаль үшiн – 5000 АҚШ доллары;

Жасөспірімдердің Олимпиада ойындарында:

алтын медаль үшiн – 5000 АҚШ доллары;

күмiс медаль үшiн – 3000 АҚШ доллары;

қола медаль үшiн – 2000 АҚШ доллары;

Азия чемпионаттарында (олимпиадалық спорт түрлерiнен):

алтын медаль үшiн – 2300 АҚШ доллары;

күмiс медаль үшiн – 1400 АҚШ доллары;

қола медаль үшiн – 900 АҚШ доллары;

жастар арасындағы әлем чемпионаттарында (олимпиадалық спорт түрлерiнен):

алтын медаль үшiн – 3500 АҚШ доллары;

күмiс медаль үшiн – 2300 АҚШ доллары;

қола медаль үшiн – 1100 АҚШ доллары;

әлем рекордын орнатқаны үшін (олимпиадалық спорт түрлерiнен) –          3000 АҚШ доллары.»

2. «Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшылары мен жаттықтырушыларын Паралимпиялық ойындардағы жоғары спорттық нәтижелерi үшiн материалдық ынталандырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 19 ақпандағы                            № 167 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 9,      94-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі          C. Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу