04 Шілде 2018, 11:21
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесінде:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.»;
2) «Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің құрамында:
«Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпиялық белгісінсіз)» деген бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу