05 Тамыз 2014, 15:30
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекіту туралы
«Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шiлдедегi Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 70 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 337-құжат);
2) «Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 70 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 756 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 55, 756-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу