Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 05 тамыздағы №902 Қаулысы

Топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу қағидаларын бекiту туралы

 

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 15-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К.Мәсімов

1 қосымша 

2 қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу