Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 06 мамырдағы № 261 Қаулысы

«Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына  өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 89-90, 636-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар): 
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жеке жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде тапсырыс беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және бекітеді. 
Тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде тапсырыс беруші тиісті бюджет бекітілгенге (нақтыланғанға) дейін мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлеуге және бекітуге құқылы.
Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар болып табылатын тапсырыс берушілер даму жоспары немесе жеке қаржыландыру жоспары бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлеуге және бекітуге құқылы.
Көрсетілген жағдайларда мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары бекітілгенге дейінгі сатыларда да жеке, сол сияқты ол нақтыланғанға дейінгі сатыларда да әзірленеді және бекітіледі.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзірлеу Заңға сәйкес жүзеге асырылады және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам бекітеді.»;
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 13-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.»;
77-тармақта:
1) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тиісті мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда)  бар екендігі туралы ақпараттың болуы;
Ескертпе: әлеуетті өнім берушілердің қаржылық орнықтылығы осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып, көрсетілген мәліметтерді ұсыну жолымен айқындалады;»;
2) тармақшаның сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер берілген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің жиынтығында орындалған жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің екіден бір бөлігінен астам көлемін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беруі;»;
78-тармақта:
1) тармақшаның жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тиісті мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бар екендігі туралы ақпараттың болуы.
Ескертпе: әлеуетті өнім берушілердің қаржылық тұрақтылығы осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып, көрсетілген мәліметтерді ұсыну жолымен айқындалады;»;
2) тармақшаның жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер берілген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің жиынтығында орындалған жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің екіден бір бөлігінен астам көлемін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беруі;»;
84-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы мынадай:
1) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған;
2) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптары бойынша дәйексіз ақпарат берген;
3) конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген не осы Қағидаларда белгіленген мөлшерде енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге берілмейді.»;
101, 102 және 103-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«101. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған конкурсқа қатысуға өтiнiмінiң бағасы техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшiн) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.»;
«102. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң техникалық-экономикалық негiздемені, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) және қала құрылысы жобалары құжаттамаларын әзірлеу бойынша жұмыстарға арналған конкурсқа қатысуға өтiнiмінiң бағасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативтерге сәйкес тапсырыс беруші есептеген бағадан он бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.
103. Егер әлеуетті өнім берушінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау) көрсетуге арналған конкурсқа өтінімінің бағасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы уәкілетті орган бекіткен Құрылыстағы инжинирингтік қызметтерге арналған шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа сәйкес есептелген бағадан он бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік деп танылады.»;
106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«106. Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші күнтізбелік он бес күн ішінде мынадай:
1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Конкурс тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды мынадай жағдайларда жүзеге асыруға құқылы:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жіберілетін әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды;
2) конкурсқа қатысуға екіден аз өтінімнің ұсынылуы. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге жіберіледі. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімде көрсетілген конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиіс.».
106-6-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы мынадай:
1) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған;
2) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптары бойынша дәйексіз ақпарат берген;
3) конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген не оны осы Қағидаларда белгіленген мөлшерде енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге берілмейді.»;
108-тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) әлеуеттi өнiм берушi ұсынған, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Қағидалардың 105-тармағының 2) тармақшасының негізінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн, оның бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға ұсынатын бағасының негiздемесін растайтын құжаттарды тапсырыс берушінің және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының қарауы;»;
111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«111. Осы Қағидалардың 105-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, сұрау салу жіберілетін әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды.
Осы Қағидалардың 105-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, конкурстық өтінім берген әлеуетті өнім берушіге сұрау салу жіберіледі.»;
112-тармақ алып тасталсын;
114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«114. Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы ұсынысты қабылдаған жағдайда әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға біліктілік талаптарына сәйкестігін, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесіне байланысты шектеулердің жоқтығын растайтын құжаттарды, ұсынылып отырған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өзінің жазбаша келісімін, сондай-ақ жеткізілетін тауарлар, орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын бағаны оның негіздемесімен қоса береді. 
Баға негіздемесінде әлеуеттi өнiм берушiнiң тасымалдауға, сақтандыруға, кеден бажын, салықтарды (ҚҚС-сыз), төлемдер мен алымдарды, жиынтықтаушы бөлшектер мен мiндеттi қосалқы бөлшектер құнын, пайдаланудың бастапқы мерзiмi iшiнде бiр өлшем бiрлiгiне қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды, басқа да шығыстарды қоса алғанда, жеткізу ұсынылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер құнының есебі қамтылуға тиіс. 
Егер функционалдық және басқа да сипаттамалары неғұрлым үздік тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) жұмыстарды үздік материалдардан орындау ұсынылса, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ұсынған техникалық ерекшелікке сәйкес болмауына жол беріледі.»;
119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«119. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қоймаса не мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, жеңімпаз мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге жібереді, оған екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қоюға тиіс.»;
123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«123. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төлеу көзделген жағдайда, әлеуетті өнім беруші шартты орындауды қамтамасыз етумен бірге авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді. Бұл ретте, әлеуетті өнiм беруші авансты төлеуден бас тартуға құқығы бар.
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына қарай тапсырыс беруші өнім берушінің жазбаша хабарламасы бойынша авансты орындауды қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттiк сатып алу туралы шартта көзделген орындалған міндеттемелерге барабар азайтады. 
Заңның 39-бабы 3-тармағының негізінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, тапсырыс беруші авансты қамтамасыз етуді енгізу туралы талап белгілеуге құқылы.»;
124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«124. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін: 
1) тапсырыс берушінің банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны; 
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес банк кепілдігін;
3) Заңның 43-бабы 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жасалатын өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын таңдайды.»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы үлгілік конкурстық құжаттамаға 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттар көрсетіле отырып, техникалық ерекшелік. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.
Бұл ретте техникалық ерекшелік жеткізілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды ұсыну туралы өнім берушілерге қойылатын талап қамтылуы тиіс.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс. Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды орындау мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс;»;
12-тармақта:
2) тармақшада:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«әлеуетті өнім беруші төлем қабілеттілігі туралы біліктілік талабына сәйкестігін шарттың орындалуын қамтамасыз етуді кепілді ақшалай жарна немесе Қазақстан Республикасының бір не бірнеше резидент банктерінің банк кепілдігі немесе өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты түрінде беру арқылы растауға құқылы;»;
он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы үлгілік конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлері.
Ескертпе: жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемдері жиынтығында орындалатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер көлемінің екіден бірінен аспауға тиіс.
Осы талап Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес операторлар болып белгіленген заңды тұлғалармен Заңның 39-бабы 3-тармағының
36) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалған жағдайларда қолданылмайды.
Бұл ретте қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруіне тыйым салынады;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттар көрсетіле отырып, техникалық ерекшелік. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, осы үлгілік конкурстық құжаттамаға 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алуды нормалау, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтердің мерзімдері мен көлемдері, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға берілетін сапа кепілдіктерін, тауарды жеткізу, жұмысты орындау, көрсетілетін қызметтерді көрсету ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.
Ескертпе: жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың шарттарымен келісетіні туралы хат ұсынады;»;
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«52. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған болып танылады.»;
53-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Мемлекеттік сатып алу жеңімпазы болып айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:»;
Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2, 3, 4, 8, 9 және 12-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-1-қосымшаның 36-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы мынадай:
1) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған;
2) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптары бойынша дәйексіз ақпарат берген;
3) конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген не оны Қағидаларда белгіленген мөлшерде енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге берілмейді.»;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшаның 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өнiм берушi Қағидаларда белгіленген жағдайларда және мөлшерде шарттың орындалуын қамтамасыз етудi шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде енгiзеді. Өнiм берушi шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн таңдауға құқылы:
1) тапсырыс берушінің банк шотына не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;
2) банк кепілдігі;
3) Заңның 43-бабы 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жасалатын өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.»;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өнiм берушi Қағидаларда белгіленген жағдайларда және мөлшерде шарттың орындалуын қамтамасыз етудi шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде енгiзеді. Өнiм берушi шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн таңдауға құқылы:
1) Тапсырыс берушінің банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарна;
2) банк кепілдігі;
3) Заңның 43-бабы 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жасалатын өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Мердігер қосалқы мердігер ұйымдармен жұмыстардың жалпы көлемінің (мердігерлік бағасының) екіден бір бөлігінен аспайтын көлемінде ғана шарт жасаса алады және Тапсырыс берушінің жазбаша рұқсатынсыз шартты үшінші тұлғаға бере алмайды. Қосалқы мердігерлердің болуы Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы шарттың талаптарын өзгертпейді.»;
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«54. Тапсырыс беруші Мердігерге оның шартты бұдан әрі орындауының орынсыздығына орай тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Заңның 
5-бабының 13-тармағына сәйкес кез келген уақытта шартты бұза алады, хабарламада шартты бұзу себебі көрсетіледі, шарттың күші жойылған жұмыстарының көлемі, сондай-ақ шартты бұзудың күшіне енетін күні баяндалады.»;
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшада:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өнiм берушi Қағидаларда белгіленген жағдайларда және мөлшерде шарттың орындалуын қамтамасыз етудi шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде енгiзеді. Өнiм берушi шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
1) Тапсырыс берушінің банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны;
2) банк кепілдігін;
3) Заңның 43-бабы 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жасалатын өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын таңдауға құқылы.»;
30-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Заңның 5-бабы 13-тармағына сәйкес шартты одан әрі орындаудың орынсыздығына орай Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оны кез келген уақытта бұза алады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                                                А. Мамин

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу