Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «07» қыркүйектегі № 523 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 және «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидасын бекіту туралы» 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
  2. көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

         2) «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысында:

         көрсетілген қаулымен бекітілген Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидасында:

        5-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

       12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

       «12. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 19-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тартылады.»

2.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі              К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу