Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі №665 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы
23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

16-тармақта:

159), 160), 161), 162), 163) және 164) тармақшалар алып тасталсын;

166) тармақша алып тасталсын;

170) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«170) азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығының мазмұны мен оны ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 174-1) және 174-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«174-1) азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру, жоғарылату, демалыстар беру, арнаулы (әскери) атақтар беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу туралы нұсқаулықты бекітеді;

174-2) азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің сипаттамасын, айырым белгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру қағидаларын бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 175-1), 175-2), 175-3), 175-4), 175-5), 175-6), 175-7), 175-8) және 175-9) тармақшалармен толықтырылсын:

«175-1) азаматтық қорғау органдарының кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалау әдістемесін бекітеді;

175-2) ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын жоспарлау және дайындау, азаматтық қорғау органдарының штаттарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

175-3) азаматтық қорғау органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік дайындыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекітеді;

175-4) азаматтық қорғау органдарына құқық қорғау қызметіне алғаш кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдерін бекітеді;

175-5) азаматтық қорғау органдары жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастырады;

175-6) азаматтық қорғау органдары жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

175-7) азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесін бекітеді;

175-8) азаматтық қорғау органдарындағы кәсіптік құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу қағидалары мен әдістерін бекітеді;

175-19) азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің дербес деректерін қамтыған жеке ісін жүргізу қағидаларын бекітеді;».

2. Осы қаулы 2022 жылғы 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың төртінші, бесінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                       Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу