Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №46 Қаулысы

«Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы №866 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы№ 866 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 706-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларында:

15-тармақтың 4) тармақшасымынадайредакциядажазылсын:

«4) Мемлекеттік шекараны қорғауға одан әрі қатысуын болғызбайтын мән-жайлардың басталуы (психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының), Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес айналадағылар үшін қауіп төндіретін өзге де аурудың анықталуы, азаматтың қайтыс болуы);».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу