Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 ақпандағы №104 қаулысы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 14-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                       Ә. Смайылов

 

ережелер

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу