Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы

Қызмет бабымен орын ауыстыруы және ілгерілеуі кезінде көтерме жәрдемақыға, көлікпен жол жүруге және жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындардың өтелуіне құқығы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің лауазымдар тізбесін бекіту туралы

«Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған қызмет бабымен орын ауыстыруы және ілгерілеуі кезінде көтерме жәрдемақыға, көлікпен жол жүруге және жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындардың өтелуіне құқығы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің лауазымдар тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі   А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу