Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі №191 Қаулысы

Жарияланды: Сейсенбі, 21 Сәуір 2020

«Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және дағдарыс жағдайлары кезеңінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібін айқындайды.
Осы Тәртіпте реттелмеген өзге қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.»;
3, 4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Арнайы тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу дағдарыс жағдайлары кезеңінде:
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылған Мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) айқындаған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде мемлекеттік материалдық резерв тауарларын, көрсетілетін қызметтерін сатып алу;
2) Комиссия айқындаған әлеуетті өнім берушілерден, оның ішінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
3) жергілікті қамтуды дамыту саласындағы уәкілетті орган ұсынған мәліметтер негізінде отандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу жағдайларында жүзеге асырылады.
4. Осы Тәртіптің 3-бөлімінде көзделген мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, арнайы тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алуды жоспарлау мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл ретте мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу саны бойынша шектеулерді көздейтін талаптары осы Тәртіпте көзделген сатып алуға қолданылмайды.
5. Арнайы тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу мынадай тәсілдерінің бірімен жүзеге асырылады:
1) баға ұсыныстарын сұрату;
2) бір көзден алу;
3) конкурс.
Тапсырыс беруші осы Тәртіпке сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін айқындайды.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайда тапсырыс беруші осы Тәртіпке сәйкес не «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабына сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді дербес қабылдауға құқылы.
6. Комиссия баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін жергілікті қамтуды дамыту саласындағы уәкілетті органның мәліметтері негізінде отандық тауар өндіруші – әлеуетті өнім берушілердің және (немесе) олар өндіретін тауарлардың тізбесін айқындайды.
7. Комиссия, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары бойынша:
1) бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қойылатын өлшемшарттарды және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін;
2) тапсырыс берушілер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен, оның ішінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде сатып алатын әлеуетті өнім берушілерге қойылатын өлшемшарттарды және (немесе) әлеуетті өнім берушілерді айқындайды.
Бұл ретте сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жеті жүз елу мың еселенген мөлшерінен асатын бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде мемлекеттік сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушілерді айқындауды Комиссия Қазақстан Республикасының Президентімен және Премьер-Министрімен келісу бойынша жүзеге асырады;
3) мемлекеттік сатып алу конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қойылатын өлшемшарттарды және (немесе) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындайды.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Әлеуетті өнім беруші Заңның 6-бабында көзделген шектеулер болған жағдайда өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқылы емес.»;
«Жалпы ережелер» деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылсын:
«9-1. Жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер төтенше жағдай енгізу салдарынан туындаған, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған немесе өнім беруші шарттық міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайларда тапсырыс беруші мұндай әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу және оларға айыппұл санкцияларын қолдану жөнінде шараларды қолданбайды.
Төтенше жағдай енгізу салдарынан туындаған, шарттық міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс беруші өнім берушіні аталған фактілер туралы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң мемлекеттік сатып алу туралы шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша төлем осы мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап бес жұмыс күнін қоса алғанда аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес туындаған немесе туындайтынан қатынастар үшін тапсырыс берушілер заңнамада белгіленген тәртіппен осы тармақтан туындайтын шараларды қабылдайды.
9-2. Заңның 47-бабының талаптары Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес электрондық мемлекеттік аудит шеңберінде шағым беруді қоспағанда, осы Тәртіпке сәйкес сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
Бұл ретте тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.»;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Тауарларды мемлекеттік сатып алу осы Тәртіптің 6-тармағында көзделген әлеуетті өнім берушілер арасында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылады.
11. Тапсырыс беруші баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде өткізілетін мемлекеттік сатып алу туралы мынадай мәліметтерді орналастырады:
1) бөлінген сомаларды көрсете отырып, өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны;
2) сатып алынатын тауардың қысқаша сипаттамасы;
3) тауарды жеткізу орны;
4) тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімдері;
5) әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын табыс етуді бастау және аяқтау мерзімі;
6) техникалық ерекшелігі көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, оның ішінде карантиннің, сондай-ақ төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты шектеулер аймағындағы тапсырыс берушінің әкімшілік-аумақтық бірлігіне тауарды жеткізуге байланысты тауарды жеткізуді жүзеге асыруға келісім білдіру нысаны болып табылады.»;
26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу және орындау мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Бұл ретте өтінімді қамтамасыз етуді енгізу, мемлекеттік сатып алу туралы шартты және авансты орындау жөніндегі талап баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде шетелде өндірілген тауарларын жеткізуге жол берілмейді.
27. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу:
1) Комиссия айқындаған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2) Комиссия айқындаған әлеуетті өнім берушілерден, оның ішінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
3) Комиссия айқындаған мемлекеттік материалдық резерв тауарларын, көрсетілетін қызметтерін сатып алу жағдайларында жүзеге асырылады.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу веб-порталда белгіленген форматтық-логикалық бақылауды ескере отырып жүзеге асырылады.
Сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жеті жүз елу мың еселенген мөлшерінен асатын бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайларда мемлекеттік сатып алу веб-порталында әлеуетті өнім берушілерге Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен қаржылық орнықтылықтың сәйкестігі туралы талап белгіленеді.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына осы Тәртіптің 32-тармағында белгіленген мерзім ішінде қол қоймаса (электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырмаған), тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын басқа әлеуетті өнім берушіге жіберуге құқылы.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл ретте мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және авансты енгізу жөніндегі талап бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 4-бөліммен толықтырылсын:
«4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
37. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу Комиссия айқындаған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізілген жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларында жүзеге асырылады.
38. Заңның 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптары мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
Бұл ретте егер конкурсқа (лотқа) бөлінген сома республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асатын болса, әлеуетті өнім берушіге Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы түріндегі біліктілік талабы қойылады.
39. Әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп тану мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Егер әлеуетті өнім берушінің заңды (нақты) мекенжайы карантин аймағындағы әкімшілік-аумақтық бірлікте тіркелген не ол төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты шектеу аймағында болған жағдайда, тапсырыс берушінің өзі сол әкімшілік-аумақтық бірлікте болған жағдайды қоспағанда, конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушіден бас тартуға құқылы.
Егер тапсырыс беруші карантин аймағындағы әкімшілік-аумақтық бірлікте не төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты шектеу аймағында тіркелген жағдайда, конкурстық комиссия заңды (нақты) мекенжайы карантин не төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты шектеу аймағына жатпайтын әкімшілік-аумақтық бірлікте тіркелген әлеуетті өнім берушіні қабылдамауға құқылы.
Бұл ретте осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарында көзделген жағдайларда тапсырыс беруші конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің құрамында карантин не төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты шектеу аймағында мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті ресурстардың болуын растайтын құжаттар болған кезде әлеуетті өнім берушіге рұқсат беруге құқылы.
Әлеуетті өнім беруші осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарында көзделген негіздер бойынша қабылданбаған жағдайларда мұндай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі берілмеген болып есептеледі.
Осы тармақтың екінші, үшінші және төртінші абзацтарының талаптары осы Тәртіппен көзделген қатынастарға да, мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес туындаған не туындайтын қатынастарға да қолданылады.
40. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға тиісті біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша айқындалған әлеуетті өнім берушілер қатысады.
41. Конкурстық құжаттама мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес әзірленеді.
Бұл ретте Заңда белгіленген конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау және алдын ала рұқсат беру рәсімдері осы Тәртіпте көзделген конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.
42. Конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға бекітеді.
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға бекітеді.
Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, бірақ кемінде үш адамды құрайды.
43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін орналастыруға міндетті.
44. Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер беруінің соңғы күнінің мерзімі мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтіні орналастырылған күннен бастап кемінде үш жұмыс күні болуға тиіс.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қайтадан жүзеге асырылған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы күніне дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын қайтадан мемлекеттік сатып алуды өткізуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін ұзартуды қоспағанда, өткізілмеген конкурстың конкурстық құжаттамасының өзгермеуі шартымен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.
Конкурс тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған және конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда мемлекеттік сатып алу осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес жүргізіледі.
45. Конкурсқа қатысуға өтінім қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес беріледі.
Бұл ретте егер конкурсқа (лотқа) бөлінген сома республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асатын болса, өтінімді қамтамасыз етуді енгізу туралы талап сатып алуға қолданылмайды.
Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдау Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін жүзеге асырылады.
Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі:
1) әлеуетті өнім беруші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген;
2) конкурсқа қатысуға өтінім мемлекеттік сатып алу веб-порталына осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен;
3) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып кеткен;
4) Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген;
5) егер ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттардың сомасы мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы соңғы үш жылдағы әлеуетті өнім берушінің табыстарынан (айналым қаражатынан) екі есе асып кеткен жағдайларда мемлекеттік сатып алу веб-порталының автоматты түрде бас тартуына жатады.
Конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң басқа әлеуетті өнім берушілердің осы конкурсқа қатысуға өтінімдерін қарауға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінім беруі оның конкурстық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сәйкес жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге, оның ішінде карантин, сондай-ақ төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты шектеулер аймағындағы тапсырыс берушінің әкімшілік-аумақтық бірлігінде жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге келісімін білдіру нысаны болып табылады.
46. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.
47. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы және барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
48. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетін ретінде қарайды.
49. Әлеуетті өнім беруші егер:
1) ол және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) Заңда және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса;
2) ол Заңның 6-бабының талаптарын бұзған болса;
3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі осы Тәртіпте көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада айқындалған негіздер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сәйкес келмейді деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).
50. Егер әлеуетті өнім беруші осы Тәртіптің 49-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдамауға негіз болған растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, мұндай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамау негіздемесі көрсетіледі.
51. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және конкурсқа қатысушылар деп таниды.
Материалдық және еңбек ресурстарының болуы бөлігінде біліктілік талаптары белгіленген жағдайда өтінімді қарау мерзімі әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күнін құрайды.
52. Конкурстық құжаттама төленген салық көрсеткіші түрінде конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды көздейді.
Жоғарыда көрсетілген өлшемшарттың болғаны үшін шартты жеңілдікті айқындау және оның мөлшері Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
53. Конкурстық баға ұсынысын конкурсқа қатысуға өтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде ашады.
54. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын автоматты түрде салыстырады және ең төмен шартты баға негізінде конкурс жеңімпазын айқындайды.
Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған конкурсқа қатысушы ең төмен шартты бағадан кейінгі баға негізінде айқындалады.
Шартты бағалар тең болған кезде жеңімпазды (конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған конкурсқа қатысушыны) тану шарттары Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
55. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы конкурстық комиссияның барлық мүшелерін және конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде қалыптастырады және орналастырады.
56. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) қабылданбау себептері егжей-тегжейлі сипатталған, оның ішінде олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы;
2) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған өзге де мәліметтер.
57. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;
2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылғанда;
3) егер конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
4) егер конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе, өткізілмеді деп танылады.
58. Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
3) осы Тәртіптің 59-тармағында көзделген жағдайларда бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы.
59. Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған (бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жіберілетін әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды);
2) конкурсқа қатысуға екіден кем өтінім ұсынылған жағдайларда (бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысуға өтінімде көрсетілген әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиіс) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
Өткізілмеген конкурстар бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алу веб-порталында белгіленген форматтық-логикалық бақылауды ескере отырып жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген және әлеуетті өнім беруші 2) тармақшасында көзделген бір көзден алу шартын жасасудан бас тартқан жағдайларда тапсырыс беруші қаржылық орнықтылыққа сәйкестігі бойынша талап қоймай әлеуетті өнім берушілерге бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жібереді.
60. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу және орындау мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Бұл ретте егер конкурсқа (лотқа) бөлінген сома республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асатын болса, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгізу жөніндегі талап сатып алуға қолданылмайды.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен (келісу бойынша), орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин


Жаңалықтар тізбегі
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 11:16
2030 жылға дейін Қазақстанда суармалы жерлер көлемі 3 млн га дейін жеткізіледі — С. Брекешев
05 Қазан 2021, 11:03
А. Мамин су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды тапсырды
05 Қазан 2021, 09:54
2025 жылға дейін Маңғыстау облысында 2,1 трлн теңгеге даму жобалары жүзеге асырылады
04 Қазан 2021, 14:38
5 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
04 Қазан 2021, 12:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №685 Қаулысы
04 Қазан 2021, 12:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №682 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.