27 Қыркүйек 2021, 12:34
«Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №486 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 3-тарауын қоспағанда, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу