Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 ақпандағы №118 қаулысы

«Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы №441 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы №441 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларында:

«2. Жеке және заңды тұлғалардың ағаш және бұта тұқымдастарын, екпелерді, көшеттерді, орман фаунасы үшін пайдалы шөп өсімдіктерін жойғаны немесе зақымдағаны, ормандағы санитарлық ережелерді, ағаш кесу ережелерін бұзғаны үшін» деген бөлімде:

 тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жеке және заңды тұлғалардың ағаш және бұта тұқымдастарын, екпелерді, көшеттерді, орман фаунасы үшін пайдалы шөп өсімдіктерін жойғаны немесе зақымдағаны, ормандағы санитарлық ережелерді, ағаш кесу ережелерін бұзғаны және заңсыз құрылыстар тұрғызғаны үшін»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 23, 24, 25 және 26-жолдармен толықтырылсын:

«

23

Шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды зақымдау

1 м2 үшін

3,0

24

Ағаш кесілген жерлер мен өртеңдерді заңсыз тегістеу

1 м2 үшін

0,5

25

Заңсыз құрылыстар тұрғызу және қоймалар орналастыру

1 м2 үшін

2,0

26

Мына:

1) шайыр мен ағаш шырындарын алу;

2) қосалқы сүрек ресурстарын дайындау қағидаларын бұзу

 

1 литр үшін 1 м2 үшін

 

 

0,5

0,5

»;

«3. Жеке және заңды тұлғалардың жердің барлық санаттарында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз өндіргені, дайындағаны, зақымдағаны немесе жойғаны үшін» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жеке және заңды тұлғалардың жердің барлық санаттарында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз өндіргені, дайындағаны, зақымдағаны немесе жойғаны үшін

 

Р/с №

Өсімдіктер тобы мен зақымның түрі

Айлық есептік көрсеткіштермен алғанда залалды өтеу мөлшері

1

Ағаштың, бұтаның, лиананың әрбір данасы үшін:

 

1) өсуін тоқтату дәрежесіне жеткізбей зақымданған кезде

500,0

2) жойылған немесе өсуін тоқтату дәрежесіне дейін зақымданған кезде

1000,0

2

Мөлшеріне қарамастан, арнайы рұқсатсыз өндірілген, зақымданған немесе жойылған әрбір шөп тұқымдас өсімдік немесе саңырауқұлақтың жемісті бөлігі үшін

0,5

3

Зақымданған немесе жойылған мүк пен қынаның әрбір шаршы метрі үшін

2,3

»;

«4. Қалалар немесе елді мекендер шегінде өсетін ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, зақымдағаны немесе жойғаны үшін» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қалалар немесе елді мекендер шегінде өсетін ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, зақымдағаны немесе жойғаны үшін

 

 

Р/с №

 

Ағаштар мен бұталар тұқымы

Айлық есептік көрсеткіштермен алғанда бір ағаш үшін залалды өтеу мөлшері

Ағаштар мен бұталардың жасы, жыл

10-ға дейін

11-ден 20-ға дейін

21-ден 30-ға дейін

31-ден және одан жоғары

1

Қарағай

15

25

35

45

2

Шыршаның барлық түрі

15

25

35

45

3

Балқарағай

15

25

35

45

4

Самырсын

17

27

37

47

5

Ағаш тектес арша

14

24

34

44

6

Үйеңкі, шегіршін, жөке

10

20

30

40

7

Қайың

12

22

32

42

8

Көктерек, ағаш тектес тал, терек

10

20

30

40

9

Грек жаңғағы, шекілдеуік

жаңғақ

50

60

70

80

10

Өрік, ақ қараған, алша, долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, орман алма ағашы

10

20

30

40

11

Арша, жатаған қара самырсын

12

22

32

42

12

Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, басқа да бұталар

9

19

29

39

Ескертпе:

1) мемлекеттік орман қоры аумағында орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған осы базалық ставкаларда көзделген залал келтіргені үшін жеке және заңды тұлғаларға талап-арыздарды мемлекеттік орман иеленушілер не орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары есептейді және ұсынады;

2) мемлекеттік орман иеленушілер, орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары және жергілікті атқарушы органның жасыл екпелерді ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей өзі тіркелген жердегі салық органдарына орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған осы базалық ставкаларда көзделген залал келтіргені үшін бюджетке өндіріп алынған сомалар бойынша мәліметтер жібереді;

3) мемлекеттік орман қорынан тыс жерде орман заңнамасын бұзудан келтірілген залал мөлшерін есептеу үшін осы базалық ставкаларда көзделген залал келтіргені үшін жеке және заңды тұлғаларға талап-арыздарды жергілікті атқарушы органның жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау мәселелерін  реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі есептейді және ұсынады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                         Ә. Смайылов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу