12 Қаңтар 2016, 10:55
«Mega silk way» сауда-ойын-сауық орталығын салу» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жылға арналған квоталарды белгілеу және «Mega silk way» сауда-ойын-сауық орталығын салу» басым жобасын іске асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Mega silk way» сауда-ойын-сауық орталығын салу» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жылға арналған квоталар белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған «Mega silk way» сауда-ойын-сауық орталығын салу» басым жобасын (өтініш беруші – «Mega Plaza» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу