16 Наурыз 2023, 18:20
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 12-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:
«
6. |
Құтқарушыларға және құтқарушы функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлерге |
Денсаулыққа және өмірге зиян келуі қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақы |
ЛА-дан 70 % |
Көрсетілген қосымша ақыны төлеу тәртібі мен шарттарын азаматтық қорғау саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу