18 Мамыр 2022, 11:52
«Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы №183 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
9 наурыздағы №83 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу