20 Қазан 2020, 10:54
«Облыстың, республикалықмаңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы №1520 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасымынадай редакцияда жазылсын:
«1) эмитент – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы.
Бұл ретте облыстың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналым жасау үшін облыстардың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздардың, сондай-ақ төтенше жағдай қолданылатын кезеңде айқындалған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген іс-шараларды белгіленген тәртіппен қаржыландыру үшін шығарылатын өзге де бағалы қағаздардың ғана эмитенттері бола алады;».
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу