Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 ақпандағы №139 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:

3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне (бұдан әрі – тетік) 1-қосымшаға сәйкес тауар топтары бойынша импорт үлесін 2024 жылға қарай 2021 жылғы деңгейден 15%-ға төмендету;»;

4-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) субъектілері іске асыратын жобаларға кредит беруге және қаржылық лизингке кемінде 200 (екі жүз) млрд теңге жұмсалатын болады. Осы мақсатта әрбір ЕДБ, ЛК мен АНК ШОБ жобаларын осы тетікте белгіленген шарттарда берілген кредиттер мен қаржылық лизингтің жалпы көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде қаржыландыруды және қаржылық лизингті қамтамасыз етеді.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. ЖКС-ны қаржыландыру шарттары:

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында айқындалған және осы тетікке 2-қосымшаға сәйкес басым жобалар бойынша кредит беруге және қаржылық лизингке арналған тауарлар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) сәйкес экономиканың басым салаларында жобаларды іске асыратын тиімді кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері ЖКС-ның нысаналы тобы болып табылады. Бұл ретте жобаның нысаналы мақсатын растау үшін барлық экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiнің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) нақты бір түріне байланыстырылған тізбенің кемінде бір тауар түрін шығару жеткілікті. Көрсетілетін қызметтер саласы үшін сәйкестік өлшемшарты ЭҚЖЖ түрлеріне жатқызу болады.

Жобаларға 10 (он) млрд теңгеден астам сомаға кредит берілген жағдайда тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет;

ЖКС үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайды. Сыйақының шекті мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және ЕДБ/ЛК кәсіпкердің жобасы бойынша шешім қабылдаған кезде қолданыста болған базалық мөлшерлеме ескеріледі;

ЖКС үшін кредит беру валютасы – теңге;

субсидиялау мерзімі – 5 (бес) жылды қоса алғанға дейін, бұл ретте ЕДБ, ЛК және АНК кредит/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша кредит/қаржылық лизинг мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезеңді/кейінге қалдыруды ұсына алады. 

ЖКС жағдайын нашарлататын мән-жайлар туындаған жағдайда соңғылар кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша кредит мерзімі ұзақтығының жартысынан аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең/кейінге қалдыру алуы мүмкін. Бұл ретте мұндай мән-жайлардың туындағаны Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімдерімен және/немесе уәкілетті органдардың құжаттарымен расталуға тиіс.

Бұл ретте:

1) кредиттік бюроның деректеріне сәйкес кредит беру немесе кредиттік өтінім беру кезінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен несиелік берешегі бар;

2) қаржыландыруды немесе қаржылық лизингті жүзеге асыратын ЕДБ-мен, ЛК-мен және АНК-мен ерекше қатынас арқылы байланысы бар тұлғалар болып табылатын;

3) «Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы №8 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20095 болып тіркелген) көрсетілген офшорлық аймақтарда тіркелген, сондай-ақ қатысушылары және (немесе) акционерлері офшорлық аймақтарда тіркелген;

4) кәсіпкерлер/акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған ЖКС-ны қоспағанда) тиесілі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген ЖКС жобалары қаржыландыруға жатпайды.

Тетік шеңберінде ЕДБ, ЛК және АНК жеке қаражаты есебінен агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу және өндіру жобалары бойынша айналым қаражатын толықтыру үшін қарыз алушыны 100% қаржыландырған жағдайда:

1) өтінім беру кезінде мерзімі өткен салықтық берешектің болмауы; 

2) кредиттерге/қаржылық лизингке қызмет көрсету жөніндегі ағымдағы төлемдер бойынша есеп айырысуларды жүргізу мақсатына қаражат жұмсауға жол бермеу сияқты жобаларды іріктеу өлшемшарттары қосымша қолданылады.

ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар бойынша ЖКС-ны қаржыландырған кезде жобаларды іріктеудің мынадай өлшемшарттары қолданылады:

1) әрбір күнтізбелік жыл үшін тетікке қатысқанға дейінгі алдыңғы 3 (үш) жылда ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша акцизделетін өнім шығаратын ЖКС төлеген салық төлемдерінің көлемі ЖКС-ның өндіріс объектісі орналасқан жер бойынша жергілікті бюджеттің жалпы кірісінің сомасына балама немесе оның кемінде 10%-ын құрайды;

2) тетікке қатысқанға дейінгі соңғы күнтізбелік 3 (үш) жылда ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша акцизделетін өнім шығаратын ЖКС төлеген салықтардың жыл сайынғы мөлшері 1 600 000 АЕК-тен төмен емес.

Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттің/қаржылық лизингтің ең жоғары сомасы 5 (бес) млрд теңгеден аспайды. Осы шарт бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:

Субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іс-шараларын және осы тетікті іске асыруға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.

ЖКС-ның ЕДБ, ЛК мен АНК беретін кредиттері/қаржылық лизингтері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі жобаларды субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең өзгеруіне азаяды.

Инвестицияларға бағытталған кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылдан аспайды.

Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер мен қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайды. 

Санкциялар қолданылатын ЕДБ/ЖК бұрын мақұлдаған/берген және осы тетікте көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг те субсидиялауға жатады.

Бұл ретте қайта қаржыландыру ЕДБ/ЛК меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.

Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ оларды мониторингтеу 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.»;

осы қаулыға қосымшаға сәйкес басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 1-қосымшамен толықтырылсын;

көрсетілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне қосымшада:

жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

«Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 2-қосымша»;

2) «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулысында: 

көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Қаржы агенттігі ұлттық жоба тиімділігінің жалпы кешенді жылдық талдамалық есебін қалыптастыру мақсатында есепті жылдан кейінгі жылғы шілдеден кешіктірмей ұлттық жобаның/тетіктің іске асырылуын кредиттер/микрокредиттер бойынша субсидиялау және кепілдік беру бөлігінде мониторингтеудің нәтижелерін уәкілетті органға жібереді.»; 

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру ломбардтардың, микроқаржы ұйымдарының, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін, сондай-ақ сауда саласындағы (тамақ өнімдерінің саудасына жол беріледі) қызметті қоспағанда, салалық шектеулерсіз инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады.

Жобаларды елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асыратын шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру ломбардтардың, микроқаржы ұйымдарының, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын инвестициялық мақсаттарға арналған кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың ең жоғары сомасы 20 (жиырма) млн теңгеден және айналым қаражатын толықтыруға 5 (бес) млн теңгеден аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерге/микрокредиттерге/қаржыландыруға жаңартылатын және/немесе жаңартылмайтын негізде кредит желісі түрінде жол беріледі. Бір қарыз алушыға арналған лимит 20 (жиырма) млн теңгені құрайды. Кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды өтеген кезде Қағидаларда белгіленген лимит шегінде оны қайта алуға жол беріледі.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 15,75%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады.Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

Елді мекендерде, оның ішінде моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде жобаларды іске асыратын шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 16,75%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау және кепілдік беру салалық шектеулерсіз және номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 16,75%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтынкредиттер/қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең өзгеруіне азаяды.

Жезқазған және Қонаев қалаларында іске асырылатын жобалар үшін 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі өтінімдер бойынша елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде жобаларды іске асыратын кәсіпкерлердің кредиттері/қаржыландыруы бойынша сыйақы мөлшерлемесіне кепілдік беру және субсидиялау шарттары қолданылады.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 28%-дан аспайтын, оның ішінде номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 50%-ын мемлекет субсидиялайтын МҚҰ микрокредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларындағы жобалар бойынша МҚҰ микрокредиттері бойынша жүзеге асырылады.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысында көзделген тәртіппен оқытудан өткен «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 20%-дан аспайтын, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын микрокредиттері бойынша жүзеге асырылады.

Бұл ретте шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін портфельдік ішінара кепілдік мөлшері кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының 85%-ын қоса алғанға дейінгі соманы құрайды, кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың қалған сомасын ЕДБ/МҚҰ қалауы бойынша кәсіпкер өтейді.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

«9-1. Қаржы агенттігі ұлттық жоба тиімділігінің жалпы кешенді жылдық талдамалық есебін қалыптастыру мақсатында есепті жылдан кейінгі жылғы шілдеден кешіктірмей ұлттық жобаның/тетіктің іске асырылуын кредиттер/лизинг/исламдық қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бөлігінде мониторингтеудің нәтижелерін уәкілетті органға жібереді.»;

мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

«11-1. Қатысушы лизингтік компанияларға қойылатын ең төмен талаптар, атап айтқанда:

1) лизингтік компанияның меншікті капиталы өтініш берілген кезден бастап айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша және субсидиялау лимиті мерзімінің соңына дейін 1 (бір) млрд теңгеден төмен болмауға тиіс;

2) негізгі қызметті өтінім беру алдында кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асыру.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Экономиканың басым секторларында меншікті және тиімді жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кәсіпкердің тіркелген жерін ескермей-ақ, «Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағытына қатысушылар болып табылады. Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобалар іске асырылу орны мен кәсіпкердің тіркелген орны ескеріліп, салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

Бұл ретте республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде бір кәсіпкер үшін сауда қызметі саласында айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін 100 (бір жүз) млн теңгеден аспайтын сомаға субсидиялауға жол беріледі.

Жезқазған және Қонаев қалаларында іске асырылатын жобалар үшін 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі өтінімдер бойынша елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде жобаларды іске асыратын кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шарттары қолданылады.

Кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі ұлттық валютада беріледі.»;

14-тармақтың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«Жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобалар деп қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) міндетті түрде 10%-ға ұлғайтуды көздейтін жобалары түсініледі.

Сонымен бірге кәсіпкер қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясы деректерінің, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуін немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10%-ға ұлғаюын растайды.»; 

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,75%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша, сондай-ақ «жасыл» жобаларды іске асыруға берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 14,75%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады. 

Өз қызметін осы Субсидиялау қағидаларына 1-1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі салаларының тізбесіне сай жүзеге асыратын және жобаларды Шымкент қаласында, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, оның ішінде көрсетілген өңірлердің облыс орталықтарында іске асыратын кәсіпкерлер үшін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 14,75%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәнінің баламалы өзгеруіне азаяды.»;

мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:

«43-1. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттің/қаржылық лизингтің ең жоғары сомасы 5 (бес) млрд теңгеден аспайды. Осы шарт бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.»;

50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«50. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі жобаларды субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең өзгеруіне азаяды.

Кредит/лизинг жеке кәсіпкерлік субъектісіне ұлттық валютада беріледі.»;

68-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«68-7. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 14,75%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең өзгеруіне азаяды.»;

71-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту бойынша, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша кезеңдер (осы абзацтың талабы «Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда қолданылады);»; 

75-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10%-ға бюджетке төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту бойынша, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша міндеттемесі («Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша);»;

129-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10%-ға бюджетке төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту бойынша, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша міндеттемелерді орындамауы (кәсіпкерлердің «Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағытындағы жобалары бойынша);»; 

көрсетілген қаулымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында: 

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ жаңғыртуға, айналым қаражатын толықтыруға және өндірісті кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады. 

Жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобалар деп қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) міндетті түрде 10%-ға ұлғайтуды көздейтін жобалары түсініледі.

Сонымен бірге кәсіпкер қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясы деректерінің, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуін немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10%-ға ұлғаюын растайды. 

Кәсіпкерлердің айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттері бойынша осы тармақта көзделген талаптар қолданылмайды.»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау тауардың номиналды үстеме бағасы/жалдау төлемінің бір бөлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,75 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең өзгеруіне азаяды.»; 

26-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша кезеңдерді қамтитын кәсіпкер жобасының бизнес-жоспары (осы абзацтың талабы «Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда қолданылады);»;

30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органы құжаттар топтамасы бар ақпарат түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды. Бұл ретте қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10%-ға төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша міндеттемесі көрсетіледі («Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша);»;

69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«69. Қаржы агенттігі ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның хабарламалары және/немесе мониторингтеу нәтижелерінің негізінде мынадай:

1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану фактісін анықтаған кезде кәсіпкерді субсидиялауды тоқтатады, бұл ретте субсидиялау қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану сомасына барабар тоқтатыла тұрады;

2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын исламдық лизинг шарты бойынша лизинг (жалдау) нысанасын алмауы;

3) жобаның және/немесе кәсіпкердің осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары талаптарына және/немесе өңірлік үйлестіру кеңесінің/қаржы агенттігі уәкілетті органының шешіміне сәйкес келмеуі;

4) кәсіпкердің қаржыландыру шартына төлемдер графигіне сәйкес ислам банкі алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

5) кәсіпкердің төлемдерді өтеу графигіне сәйкес ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы лизингтік (жалгерлік) төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) және одан көп рет орындамауы;

6) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап-арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұруы;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг (жалдау) нысанасын талап ету;

8) қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға бюджетке төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша міндеттемелерді орындамауы («Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты бойынша кәсіпкерлердің жобалары бойынша) фактілерін анықтаған кезде кәсіпкерді субсидиялауды тоқтатады.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

«11-1. Қаржы агенттігі ұлттық жоба тиімділігінің жалпы кешенді жылдық талдамалық есебін қалыптастыру мақсатында есепті жылдан кейінгі жылғы шілдеден кешіктірмей ұлттық жобаның/тетіктің іске асырылуын кредиттер/лизинг бойынша кепілдік беру бөлігінде мониторингтеудің нәтижелерін уәкілетті органға жібереді.»;

12-тармақтың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«Жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, франчайзингке бағытталған жобалар деп қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) міндетті түрде 10%-ға ұлғайтуды көздейтін жобалары түсініледі.

Сонымен бірге кәсіпкер қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясы деректерінің, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуін немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10%-ға ұлғаюын растайды.»;

15-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жезқазған және Қонаев қалаларында іске асырылатын жобалар үшін 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі өтінімдер бойынша елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде жобаларды іске асыратын кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша кепілдіктер беру шарттары қолданылады.»;

57-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10%-ға бюджетке төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша көрсеткіштерге қол жеткізбеген жағдайда кепілдік беру шартының күші жойылмайды;».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі                                                                               Ә. Смайылов

 

қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу