Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 наурыздағы №143 Қаулысы

«Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің  кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1162 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1162 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., №83-84, 604-құжат)мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімінің тізбесінде:

реттік нөмірі 83-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«83. Қандас куәлігі»;

реттік нөмірі 118-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«118. Жол жүру құжаты».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі    А. Мамин

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу