Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі №366 Қаулысы

«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:     

       1. «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 42, 408-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:    

 көрсетілген қаулымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесінде:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптамалық бағалауды жүргізуге аккредиттеуден өту кезінде жеке тұлғалар аккредиттеуші органға мынадай құжаттарды:

1) уәкілетті орган бекіткен мамандықтар номенклатурасына сәйкес мәлімделген аккредиттеу саласын көрсете отырып, аккредиттеуші орган бекіткен нысан бойынша аккредиттеуден өтуге арналған өтінішті;

2) жеке куәлігінің көшірмесін;

3) жоғары кәсіптік медициналық немесе фармацевтикалық білімі туралы дипломның көшірмесін;

4) еңбек кітапшасының көшірмесін немесе осы Ереженің 8-1-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшаларына сәйкес жұмыс өтілін растайтын өзге де құжатты;

5) осы Ереженің 8-1-тармағының екінші, үшінші бөліктеріндегі талаптарды ескере отырып (клиникалық практиканы және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандар үшін) біліктілікті арттыру және (немесе) қайта даярлау туралы құжаттардың көшірмелерін;

6) бірінші немесе жоғары біліктілік санаттарының берілгені туралы сертификаттардың көшірмелерін (клиникалық практиканы жүзеге асыратын мамандар үшін);

7) ғылыми дәрежелерінің, атақтарының (бар болса) туралы құжаттардың көшірмелерін ұсынады.»;

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8-1. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізу үшін аккредиттеуден өтуге:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарда немесе медициналық көрсетілетін қызметтер және (немесе) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың немесе медициналық техниканың айналысы саласындағы сапа сараптамасын жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында;

2) медициналық немесе фармацевтикалық білім беру (ғылыми-педагогикалық құрамда) ұйымдарында;

3) кәсіптік медициналық (клиникалық практика) және (немесе) фармацевтикалық қызметте кемінде 7 жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлғалар жіберіледі.

Осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, аккредиттеу туралы куәлікті алғаш рет алуға үміткер адамдардың соңғы 2 жылда денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдарында сараптама жүргізу мәселелері бойынша немесе сараптамалық қызмет негіздері бойынша жалпы көлемі кемінде 216 сағат біліктілігін арттыруы қажет.

Осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, аккредиттеу туралы куәлікті қайта алуға үміткер адамдардың соңғы                 5 жылда денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдарында тиісті және (немесе) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын басқару мәселелері бойынша жалпы көлемі кемінде 216 сағат біліктілігін арттыруы қажет.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Аккредиттеуден өткен субъектіге аккредиттеуші орган бекітетін нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік 5 жыл мерзімге беріледі.»;

   15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Медициналық ұйымдар аккредиттеуден өту үшiн аккредиттеушi органға мынадай құжаттарды:

1) аккредиттеушi орган бекiткен нысан бойынша өтiнiшті;

2) медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыру құқығына қосымшасы бар лицензияның көшiрмесiн;

3) өзiн-өзi бағалау нәтижелерiнiң өз бетiнше немесе тәуелсiз сарапшыларды тарта отырып жүргiзiлетiн аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгiне көшiрмені ұсынады.

Мемлекеттік заңды тұлғалар және мемлекет қатысатын заңды тұлғалар заңды тұлға мүлкiнiң меншiк иесiн немесе меншiк иесi өкiлеттiк берген органның не оған құрылтай құжаттарымен өкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының заңды тұлғаның мөрiмен бекiтiлген медициналық ұйымдар ұсынған ақпараттың дұрыстығына растама ұсынады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу