Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы №527 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 607-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарында:
мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
Негізгі орта білім туралы куәлікке қосымшаның нысанында «қоғамдық білім негіздері ____________» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«өзін-өзі тану ___________»;
Білім туралы куәлік нысанында «өлкетану___________» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«өзін-өзі тану ___________»;
Жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысанында «құқық негіздері____________» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«өзін-өзі тану___________»;
Жоғары білім туралы дипломы, Жоғары білім туралы үздік дипломның, Жоғары білім туралы үздік дипломның, Жоғары білім туралы дипломның, Магистр дипломының, Доктор дипломының, Интернатураны бітіргені туралы куәліктің және Дипломға қосымшаның (транскрипт) қосымшаның парақтарының нысандары тиісінші осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, және 8-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес Магистр дипломына куәлік нысанымен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру ережесінде:
5-тармақта «он күннен» деген сөздер «он бес жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы рет ресми түрде жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өтен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі              К. МӘСІМОВ

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу