Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 мамырдағы №312 Қаулысы

Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер енгізу, оның қолданысын тоқтату қағидаларын және инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің үлгілік нысанын бекіту туралы

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 295-3-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:
  • Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер енгізу, оның қолданысын тоқтату қағидалары;
  • инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің үлгілік нысаны бекітілсін.
  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                           Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу