Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы №910 қаулысы

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы №683 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы №683 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) азаматтардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін айқындайды.»;

3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Полиграфологиялық зерттеуден (бұдан әрі – зерттеу):

1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылданатын азаматтар;

2) қызметтік тергеп-тексеру жүргізген кезде қажеттілігі бойынша Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері өтеді.

 4. Зерттеу жүргізудің негізгі мақсаты қосымша ақпарат алу және Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылданатын азаматтар мен Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері (бұдан әрі – зерттелетін адамдар) хабарлаған мәліметтердің шынайылығын тексеру болып табылады.

5. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылданатын азаматтар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кадр бөлімшесінің жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің тиісті бөлімшесінде зерттеуден өтеді.»;

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Қызметтік тергеп-тексеру жүргізген кезде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерін зерттеу оның келісімімен жүргізіледі.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Зерттеуден өтудің негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылдаған кезде:

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) келудегі құқыққа қайшы ниетін (тыйым салынған қоғамдық бірлестіктер қызметінің, қылмыстық және террористік ұйымдардың және басқалардың мүддесіне орай);

жағымсыз тәуелділігін, есірткі, психотроптық, психикалық және физикалық тәуелділік туғызатын өзге де психоактивті заттарды тұтынуын;

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызметін толыққанды өткеруге кедергі келтіретін жасырын сырқаттарын, өз-өзіне қол жұмсауға бейімдігін;

анкеталық деректерін, табысы туралы, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері, қос азаматтығының бар екендігі, жалған құжаттарды пайдаланғаны туралы мәліметтерді жасыруын немесе бұрмалауын;

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының, бөгде адамдарға құпия немесе қызметтік ақпарат беруінің бұрын орын алған фактілерін;

тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартылу фактілерін;

тыйым салынған қоғамдық бірлестіктермен, қылмыстық және террористік ұйымдармен қатынас жасауын немесе егер бұл бұрын олардың қызметтік міндеттемелеріне кірмеген болса, коммерциялық құрылымдарға қатысуын;

қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалануын;

2) қызметтік тергеп-тексеру жүргізген кезде:

теріс қылық не құқық бұзушылық жасауының мән-жайларын;

қызметкердің аталған теріс қылыққа не құқық бұзушылыққа қатыстылығын;

қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану фактілерін анықтау болып табылады.

Қызмет өткеру ерекшелігін немесе Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің бірінші басшысы анықтауға жататын мән-жайларды ескере отырып, қызметтік тергеп-тексеру жүргізу барысында зерттеу жүргізген кезде анықтауға жататын қызметтік тергеп-тексеру нысанасына тікелей қатысты қосымша міндеттер белгіленуі мүмкін.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Зерттеу барысында алынған ақпарат ықтималдық, ұсынымдық сипатта болады, сондай-ақ қосалқы мәнге ие және оларды кадр бөлімшелерінің қызметкерлері, құқық қорғау органының білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары, өзіндік қауіпсіздік қызметтері және конкурстық комиссиялар (бұдан әрі – мүдделі бөлімшелер) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылдау, қызметтік тергеп-тексеру жүргізу туралы мәселені шешкен кезде пайдаланады.»;

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Зерттеуден өткені туралы қорытындыны полиграфолог осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жұмыс күні ішінде дайындайды, кейін мүдделі бөлімшеге жібереді.

Зерттеу қорытындысының қолданылу мерзімі бір жылды құрайды.»;

20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Зерттеу материалдары (зерттеудің нәтижелері туралы қорытынды, аудио- және бейнематериалдар, сауалнама және басқа да құжаттар) кадр бөлімшесінің архивінде:

1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) кірген және қабылданбаған азаматтарға қатысты бес жыл бойы;

2) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлеріне қатысты жиырма бес жыл бойы сақталады. 

21. Зерттеудің нәтижелерін жария еткені және (немесе) бұрмалағаны үшін полиграфологқа және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің мүдделі бөлімшелерінің бастықтарына (басшыларына) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.»;

осы Қағидаларға 1-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларына 1-қосымша»;

осы Қағидаларға 2-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларына 2-қосымша»;

осы Қағидаларға 3-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларына 3-қосымша»;

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                            Ә. Смайылов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу