18 Ақпан 2014, 14:10
«Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1390 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1390 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 75-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтінішінің нысаны осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алуға салықтық өтініш нысаны осы қаулыға
2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
С. Ахметов
|
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу