Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 маусымдағы  №406 Қаулысы

«Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидаcын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                   Ә. Смайылов

 

Қосымша

Ереже

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу