Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы №940 Қаулысы

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 6-қосымша:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:

«                                                                                    

3.

 

Психоэмоциялық және дене жүктемесі үшін қосымша ақы

 

 

1)

Жұмыстың күрделілігі мен жоғары қауырттылығы үшін:

 

 

 

 

Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (паллиативтік көмек көрсету бөлімшелерін (палаталарын)

қоспағанда):

басқарушы персоналға;

негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерді қоспағанда);

әлеуметтік қызметкерлерге;

санитарларға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЛА-дан 30 %

ЛА-дан 35 %

 

 

ЛА-дан 40 %

ЛА-дан 40 %

 

 

Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердегі

паллиативтік көмек көрсету бөлімшелерінде (палаталарында):

тәрбиешілерге, барлық мамандықтағы мейіргерлерге, санитарларға

 

 

 

 

 

 

 

 

ЛА-дан 60 %

 

 

Үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарындағы қызметкерлерге:

басқарушы персоналға;

негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерді қоспағанда);

әлеуметтік қызметкерлерге;

санитарларға

 

 

 

 

 

ЛА-дан 15 %

ЛА-дан 20 %

 

 

ЛА-дан 35 %

ЛА-дан 20 %

 

         »;

көрсетілген қаулыға 7-қосымшада:

реттік нөмірі 1-жол мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

«

7)

Республикалық ұйымдарда:

басқарушы және негізгі персонал қызметкерлеріне:

театрларда, концерттік ұйымдарда:

шығармашылық туындылар мен шығармашылық идеяларды тікелей іске асыруға байланысты жұмыстар үшін;

музейлерде (көркем галереяларда (салондарда), студияларда, шеберханаларда және т.б.), музей-қорықтарда, мәдениет саласындағы зерттеу орталықтарында (зерттеу институттарында);

тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауды және танымал етуді тікелей қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін;

кітапханаларда, кітап палатасында:

кітап қорының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша халыққа тікелей қызмет көрсетумен байланысты жұмыстар үшін, оның ішінде электрондық кітапхана арқылы;

мемлекеттік архивтерде:

Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын сақтауды, жинақтауды және танымал етуді тікелей қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін

 

ЛА-дан
50 %

 

8)

Жергілікті атқарушы органның ұйымдарында:

басқарушы және негізгі персонал қызметкерлеріне:

театрларда, концерттік ұйымдарда, цирктерде:

шығармашылық туындылар мен шығармашылық идеяларды тікелей жүзеге асыруға байланысты жұмыстар үшін;

музейлерде (көркем галереяларда (салондарда), студияларда, шеберханаларда және т.б.), музей-қорықтарда, тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарда (мәдени-тарихи орталықтар, мәдениет саласындағы зерттеу орталықтарында (зерттеу институттарында), қалпына келтіру орталықтарында және т. б.):

тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауды және танымал етуді тікелей қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін;

кітапханаларда:

кітап қорының халыққа
қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша тікелей қызмет көрсетумен байланысты жұмыстар үшін, оның ішінде электрондық кітапхана арқылы;

мәдени-демалыс ұйымдарында:

(клубтарда, мәдениет және демалыс парктерінде, мәдениет үйлері мен сарайларда, халық шығармашылығы орталықтарында (үйлерінде), және т.б.):

халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға, насихаттауға, оларды осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу және  халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша тікелей қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін;

кинематографиялық ұйымдарда:

фильмді прокаттау және көрсету,  киноматериалдарды дайындау,  фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және тікелей қызмет көрсетуге байланысты халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар үшін;

мемлекеттік архивтерде:

Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын сақтауды, жинақтауды және танымал етуді тікелей қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін

 

ЛА-дан
35 %

 

   ».

2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі       А. Мамин

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу