Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №1553 Қаулысы

2012 жылғы 1 қаңтардан Мемлекеттік зейнетақы төлеу қорынан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы

 «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

1. 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан берілетін, барлық зейнетақы төлемдерін алушыларға, соның ішінде сіңірген еңбегі үшін зейнетақы төлемдерін алатын әскери қызметшілерге, арнайы атақтар, кластық шендер берілген құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ арнайы атақтар, кластық шендер алуға алуға құқылы адамдар және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап формалы киім кию алынып тасталған адамдарға алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоғыз пайызға   арттырылсын

2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу