Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «21» қарашадағы № 715 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру ережесiн бекiту туралы» 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1249 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 наурыздағы № 333 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

         1)«Магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1249 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 514-құжат);

         2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы             № 1249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 333 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 123-құжат).

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрi                   Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу