Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі №722 қаулысы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес және Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласын кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облыстық және қалалық мәслихаттары мақұлдаған Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы бас жоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін.

2. «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 наурыздағы
№ 168 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                           Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу