Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы №22 қаулысы

«Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 470 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 470 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімінде:

«Медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынған есiрткi мен психотроптық заттардың тiзiмi» деген І кестеде:

«А. Есірткі заттар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі
84, 85, 86-жолдармен толықтырылсын:

«

84.

Пара-флуорофентанил (пара-фторфентанил)

85.

Брорфин

86.

Метонитазен

»;

«В. Психотроптық заттар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі
62, 63-жолдармен толықтырылсын:

«

62.

3-метоксифенциклидин

63.

Эутилон

»;

 «Медициналық мақсатта пайдаланылатын және бақылаудағы есiрткi және психотроптық заттардың тiзiмi» деген ІІІ кестеде:

«В. Психотроптық заттар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі
68, 69,70-жолдармен толықтырылсын:

«

68.

Клоназолам

69.

Диклазепам

70.

Флубромазолам

»;

«Бақылаудағы прекурсорлардың (есiрткiні және психотроптық заттарды заңсыз дайындау кезiнде жиi пайдаланылатын өсiмдiктер мен химиялық заттардың) тiзiмi» деген IV кестеде:

І тізбе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«4-метилпропиофенон (1-(4-метилфенил)-1-пропанон)»;

көрсетілген қаулымен бекітілген заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімінде:

мына:

«

1.72

этокси

»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1.73, 1.74, 1.75-жолдармен толықтырылсын:

«

1.73

Карбоксамид

 

1.74

Метоксикарбонил

1.75

Метоксиметил

»;

реттік нөмірі 2.16-жол алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                            Ә. Смайылов

 

Қосымша

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу