Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 ақпандағы №157 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы №1116 және «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 18 ақпандағы №81 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1116 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінде:

5-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

«10) Салық кодексінің 89-1-тарауында көрсетілген бірыңғай төлем төлеушілер үшін бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі міндетті зейнетақы жарналарының үлесі:

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 50,0 пайызды;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 46,5 пайызды;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 42,0 пайызды;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 40,3 пайызды;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 38,8 пайызды;

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 38,0 пайызды құрайды.

Бұл ретте салық салу объектісіне қолданылатын бірыңғай төлем мөлшерлемесі:

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 20,0 пайызды;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 21,5 пайызды;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 23,8 пайызды;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 24,8 пайызды;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 25,8 пайызды;

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 26,3 пайызды құрайды.»;

2) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:

15-тармақта:

129) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«129) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айрылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – қор) төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

мынадай мазмұндағы 143-1) тармақшамен толықтырылсын:

«143-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы, Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен келісу бойынша бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

184) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«184) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібін айқындау;».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

Қазақстан Республикасының                         

Премьер-Министрі                                                                                                     Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу