Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «23» сәуірдегі № 255 қаулысы

Жарияланды: Бейсенбі, 23 Сәуір 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы» 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 және «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы
№ 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж.,
№ 25, 323-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiнде:

1-тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам (Ережеге қатысты) –
өздерiн табыс әкелетiн жұмыспен қамтамасыз ететiн дара
кәсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қорға әлеуметтік аударымдар Салық кодексінің 155-бабы
3-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 11), 12), 31) тармақшаларында
және 156-бабы 1-тармағының 12), 18), 24), 30), 32) тармақшаларында
және 357-бабы 2-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында белгіленген табыстардан төленбейді.»;

14-тармақтың бірінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде мемлекеттік кірістер органдары төлеушiге осы Ереженің 8-тармағына сәйкес мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн мемлекеттік кірістер органына ұсыну туралы хабарлама жібереді.

Төлеушілер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынады.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Мемлекеттік кірістер органы төлеушiлерден мiндеттi
әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн
алған кезде әлеуметтiк төлемдер бойынша қалыптасқан берешектi
кейiннен Қорға аудару үшiн көрсетiлген тiзiмдердi қоса беріп,
төлеушiлердiң банктiк шоттарына инкассолық өкiмдер бередi.

Төлеушiнiң банктiк шоттарында ұлттық валютадағы ақша болмаған жағдайда, мiндеттi әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектi өндiрiп
алу мемлекеттік кірістер органдары ұлттық валютада берген инкассолық өкiмдер негiзiнде төлеушiнiң банктiк шоттарынан шетелдiк валютада жүргiзiледi.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Осы Ереженің 14-тармағында көзделген хабарламаны берген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеуші міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы төлеушінің банктік шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

Мемлекеттік кірістер органының өкімі бойынша банктер
мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдар төлеушілердің банктік шоттарындағы барлық шығыс
операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы жарналары мен салық берешегін аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.

Салық төлеуші касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді алған сәттен бастап кассаға түсетін барлық қолма-қол ақша Қорға аударуға жатады.

Мемлекеттік кірістер органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін төлеуші сөзсіз орындауы тиіс.

Мемлекеттік кірістер органының банктік шоттары және касса
бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің
күшін осындай өкім шығарған мемлекеттік кірістер органы банктік
шоттары және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептері жойылған күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей
жояды.»;

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi
екінші айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кірістер органына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң
қатысушылары үшiн есептелген әлеуметтiк аударымдар бойынша есептер ұсынады.»;

2) «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2013 ж., № 60, 828-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдерінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Заңды тұлғалар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер агент ретінде өздерінің орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органдарында есепке алынуға жатады.»;

3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды өзінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.»;

5-тармақтың екінші бөлігінің 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерінен аспауға тиіс;

3) адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар,
кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – адвокат, жеке сот орындаушы, жекеше нотариус, кәсіби медиатор, сондай-ақ дара кәсіпкерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін дербес айқындайтын табыс мәлімделетін табыс болып табылады;»;

8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) шоттары жоқ адвокаттар,
жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ
дара кәсіпкерлер Қағидалардың 9-тармағында айқындалған тәртіппен
міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібімен оларды банкке қолма-қол ақшамен енгізеді.»;

9-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер (осы тармақтың
2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа),
сондай-ақ жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар
мен кәсіби медиаторлар қызметкерлерге төленген табыстан –
табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

2) дара кәсіпкерлер (осы тармақтың 3), 4), 5), тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), сондай-ақ жекеше нотариустар,
жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар,
кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын өз пайдасына және өз қызметкерлерінің табыстарынан ұсталған сомаларды аудара отырып (банкке
қолма-қол енгізе отырып), төлем құжаттарында Орталықтың
деректемелерін, ал оларға қоса берілетін тізімдерде өзі және қызметкерлер туралы мәліметтерді (жеке сәйкестендіру нөмірлерін, тегін, атын,
әкесінің атын (бар болса), туған күнін, жарналардың сомалары
мен міндетті зейнетақы жарналары төленетін кезеңді (айын/айларын, жылын) көрсетуге тиiс.»;

28-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Табыс іс жүзінде төленген және салымшы оны алған кезде
агенттің уақытында ұсталмаған (есебіне жазылмаған) және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады немесе агенттер кешіктірілген әрбір күн үшін (Орталыққа төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен мiндеттi зейнетақы жарналарын салымшылардың пайдасына аударуға тиіс.»;

38-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«38. Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек қалыптасқан
кезде, мемлекеттік кірістер органдары агенттерге кейіннен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару үшін Орталыққа аударылуға тиіс мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама):»;

39-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) электрондық тәсілмен – веб-қосымшада мемлекеттік кірістер органы хабарламаны жеткізген күннен бастап салық төлеушіге (салық агентіне) берілген болып есептеледі. Аталған тәсіл Салық кодексінің
572-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген агентке қолданылады.»;

40, 41, 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«40. Агенттер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні
ішінде мемлекеттік кірістер органына Қағидалардың 13-тармағында
белгіленген тәртіппен пайдасына берешек өндірілетін бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерін ұсынады.

41. Агенттердің банк шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қоры салымшыларының тізімдері қоса берілген, мемлекеттік
кірістер органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.

42. Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша
берешек өндірілетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры
салымшыларының тізімдерін агенттерден алған кезде мемлекеттік
кірістер органы бенефициарды – Орталықты көрсете отырып,
агенттің банктік шотына (шоттарына) инкассолық өкімдерді ұсынады.

Агенттің банктік шотында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кірістер органдары ұлттық валютада ұсынған инкассолық өкімдер негізінде агенттің банктік шоттарынан шетелдік валютада жүргізіледі.»;

43-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«43. Агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата
тұруды мемлекеттік кірістер органы мынадай жағдайларда жүргізеді:»;

44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«44. Мемлекеттік кірістер органының агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп бекіткен нысан бойынша ұсынылады және банк алған күннен бастап күшіне енеді.»;

45-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«45. Осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген хабарламаны берген күннен бастап он бес жұмыс күні өткеннен кейін мемлекеттік кірістер органы агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларды тоқтата тұрады.»;

«Агенттің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органының өкімі Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.»;

47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«47. Агенттердің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, белгіленген жағдайларда өсiмпұл төлеуін, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүргізетін міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомасын қайтаруын бақылауды қамтамасыз ету үшін Орталық күн сайын өткен күн үшін мемлекеттік кірістер органдарына қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен, сондай-ақ қайтарылған тізілімдерін және электрондық төлем тапсырмаларын мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады.

Мыналар жеке ұсынылады:

1) адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер банкке қолма-қол ақшамен енгізген міндетті зейнетақы жарналарының қате келіп түскен және қайтарылған сомаларының тізілімдері;

2) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілігіне, босануына, жаңа
туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған, аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдері.

Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен және қайтарылған сомаларының тізілімдері бойынша ай сайынғы есепті Орталық мемлекеттік кірістер органдарына ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың
5-күнiнен кешіктірмей ұсынады.»;

көрсетілген Қағидаларға 6, 7, 8-қосымшалар осы қаулыға
1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жазылсын.

2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін
1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарын және 2) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, отыз сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі               К. Мәсімов


Жаңалықтар тізбегі
26 Қазан 2021, 18:28
«Нұрлы жол» бағдарламасы Қазақстанды қалай өзгертіп жатыр: заманауи автомагистральдар және жаңа бағыттардың ашылуы
26 Қазан 2021, 10:54
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.10.2021
26 Қазан 2021, 10:42
Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді — С. Шәпкенов
26 Қазан 2021, 10:32
ҚР-да соңғы екі айда КВИ-мен сырқаттанушылық 4,5 есеге, өлім-жітім 4,8 есеге төмендеді — А. Цой
26 Қазан 2021, 09:55
2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жұмыспен қамту шараларымен 1 млн-нан астам қазақстандық қамтылды
26 Қазан 2021, 09:43
А. Мамин мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды
25 Қазан 2021, 20:06
Е. Тоғжанов ғылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
25 Қазан 2021, 15:16
А. Мамин Венгрия Премьер-Министрінің орынбасары М. Варгамен екі елдің ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын талқылады
25 Қазан 2021, 10:50
26 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Қазан 2021, 09:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №134
23 Қазан 2021, 17:58
Ә. Смайылов қаржыгерлер аллеясының ашылу рәсіміне қатысты
23 Қазан 2021, 12:31
Азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандырудың маңызы зор — А. Мамин
23 Қазан 2021, 09:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 қазандағы №736 Қаулысы
22 Қазан 2021, 18:31
А. Мамин ЕО елшілерімен экономиканың экологиялық тұрақты даму мәселелерін талқылады
22 Қазан 2021, 18:17
Р. Скляр жұмыс сапарымен Сеулге барды
22 Қазан 2021, 16:20
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
22 Қазан 2021, 15:44
Руслан Сәкеев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды 
22 Қазан 2021, 14:33
Үкіметте Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өтті
22 Қазан 2021, 13:25
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» — А. Аймағамбетов ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы айтып берді
21 Қазан 2021, 17:22
Екі елдің вице-премьерлері Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жүк тасымалдау мәселелерін талқылады
21 Қазан 2021, 17:11
«Ұлттық рухани жаңғыру». Аида Балаева ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы баяндады
21 Қазан 2021, 16:02
А. Мамин Батыс өңірінің ірі автомагистралін реконструкциялау барысын тексерді 
20 Қазан 2021, 20:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
20 Қазан 2021, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
20 Қазан 2021, 10:46
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.