Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы №36 қаулысы

«Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының  атауын өзгерту туралы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының атауы «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» акционерлік қоғамы болып өзгертілсін.
  2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
  3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                         Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу