Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы №44 қаулысы

«Стратегиялық объектілер меншік иелерінің (құқық иеленушілерінің), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Стратегиялық объектілер меншік иелерінің (құқық иеленушілерінің), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1223 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
188-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларында:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң
(құқық иеленушiлерінiң) оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер:

1) банкроттықты басқарушы – банкроттық рәсімін жүзеге асыру үшін оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган тағайындаған  тұлға;

2) кепіл ұстаушы – мүддесі кепілге салынған мүлікпен қамтамасыз етілетін тұлға;

3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздік органдары) – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын және өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде:

жеке адамның және қоғамның қауіпсіздігін, елдің конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етуге;

Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасын, Қазақстан Республикасының Үкіметін және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарды шешімдер қабылдау үшін барлау ақпаратымен қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметін жүзеге асыруға және үйлестіруге, сондай-ақ мемлекет басшылығының саяси, қаржы-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстанның ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салалардағы саясатын іске асыруға жәрдемдесуге арналған арнаулы мемлекеттік органдар;

4) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын және Заң мен  Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы;

5) оңалтуды басқарушы – «Оңалту және банкроттық туралы»
Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен оңалту рәсiмi кезеңiнде борышкерді басқару жөнiндегі өкiлеттiктер жүктелген  тұлға;

6) стратегиялық объектінің меншік иесі – стратегиялық объектінің меншік иесі болып табылатын және осы стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иеліктен шығару бойынша азаматтық-құқықтық мәміле жасасуға ниетті жеке немесе заңды тұлға;

7) стратегиялық объектiлерге үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға не оларды иелiктен шығаруға рұқсат беруге өтiнiш (бұдан әрі – өтініш) – стратегиялық объектілер бойынша негізгі ақпаратты қамтитын, оларға ауыртпалық салудың не оларды иеліктен шығарудың негізділігін және орындылығын ашатын құжат;

8) тиісті саланың уәкілетті органының салалық қорытындысы – Заңның 114-бабының 3-тармағына және 188-бабының 1 және (немесе)
2-тармақтарына сәйкес тиісті саланың уәкілетті органына ұсынылған стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінің), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың құжаттарын стратегиялық объектілердің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын айқындауды ескере отырып жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiленiң саланы дамытудың басымдықтарына сәйкестігі, өтініш беруші мен оның осы саладағы бiр елден шыққан үлестес тұлғаларының құқықтарының шоғырлануын анықтау, Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қауіп-қатерлерлердің болуы не болмауы тұрғысынан бағалау.»;

9-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға тиесілі стратегиялық объектіні сатып алуға Қазақстан Республикасының басым құқығын қолданудың орындылығын (меншік иесі жеке тұлға немесе мемлекеттік емес заңды тұлға болған жағдайда толтырылады) қамтиды.»;

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                          Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу