Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «26» ақпандағы № 118 қаулысы

Бірыңғай байланыс орталығын айқындау туралы

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы Бірыңғай байланыс орталығы болып айқындалсын.
  2. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                   К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу