Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №982 Қаулысы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың  2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

2. Бағдарламаның іске асырылуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де ұйымдар (келісім бойынша):

1) Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;

2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне жүктелсiн.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының       Премьер-Министрi                                                              А. Мамин

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу