Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «27» сәуірдегі № 364 қаулысы

«Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы
    № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 40-41,
    392-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

         көрсетілген қаулымен бекітілген рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесінде:

реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

1.

Жезқазған- Жыланды

1997 жылғы
21 мамырдағы № 114

мыс

1,3 %

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы
1 қаңтарға дейін

күміс

1,6 %

қорғасын

4,0 %

2.

Қоңырат

1998 жылғы
18 қыркүйектегі № 243

мыс

1,5 %

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС

2015 жылғы
1 қаңтардан бастап
2016 жылғы 1 қаңтарға дейін

күміс

1,6 %

алтын

2,0 %

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:

«

6

Жомарт

2001 жылғы 25 сәуірдегі № 663

мыс

1,0 %

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС

2015 жылғы
1 қаңтардан бастап
2016 жылғы
1 қаңтарға дейін

күміс

1,0 %

».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                     К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу