05 Мамыр 2020, 10:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы:
1) 2020 жылғы 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін қоса берілген өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағының екінші, үшінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын, сондай-ақөзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаны;
2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қоса берілген өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағының төртінші, бесінші, жетінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтарын, сондай-ақ өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымшаны қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу