Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы

Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020 – 2024 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қаржылық сауаттылықты арттырудың
    2020 – 2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
  2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):
  1. Тұжырымдаманы іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
  2. есепті жылдан кейінгі жылғы 15 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
  1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (келісу бойынша) есепті жылдан кейінгі жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі          А. Мамин

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу