Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы №64 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:

4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«4. ЕДБ-ге және АНК-ге қаражат беру шарттары:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз қаражаты мен өзінің басқаруындағы қаражат есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеменің көлеміне байланыстырылған және 1,5 пайыздық тармақтан асырылмай ұлғайтылған қорытынды кірістілік мөлшерлемесі бойынша 10 жылға дейін өтеу мерзімімен 1 трлн теңгеге дейінгі сомаға ЕДБ мен АНК облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады.»;

7-тармақта:

бірінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ЖКС үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайды. Сыйақының шекті мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және кәсіпкердің жобасы бойынша ЕДБ/ЛК шешімін қабылдау кезінде қолданыста болған базалық мөлшерлеме ескеріледі;»;

бірінші бөліктің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«субсидиялау мерзімі – қоса алғанда 5 жылға дейін, бұл ретте ЕДБ, ЛК және АНК кредит/қаржылық лизинг мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге кредит/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді/кейінге қалдыруды ұсына алады.»;

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте мынадай ЖКС жобалары қаржыландыруға жатпайды:

1) кредиттік бюроның деректеріне сәйкес кредит беру немесе кредиттік өтінімді беру сәтінде күнтізбелік 90 күннен астам мерзімі өтіп кеткен несиелік берешегі бар;

2) қаржыландыруды немесе қаржылық лизингті жүзеге асыратын ЕДБ-мен, ЛК-мен және АНК-мен ерекше қатынастар арқылы байланысқан тұлғалар болып табылатын;

3) «Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген) көрсетілген офшорлық аймақтарда тіркелген, сондай-ақ қатысушылары және (немесе) акционерлері офшорлық аймақтарда тіркелген;

4) кәсіпкерлер/акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған ЖКС қоспағанда) тиесілі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген ЖКС.»;

төртінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) өтінім беру сәтінде мерзімі өткен салықтық берешегінің болмауы;»;

9-тармақтың бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі жобаларды субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 7 %-ын ЖКС төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.

ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 7,5 %-ын ЖКС төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.»;

10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«10. ЖКС жобаларына кепілдік беру шарттары:

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және ЕДБ/ЛК шешім қабылдаған күнге 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған ЕДБ кредиттері/ЛК қаржылық лизингі кепілдендіруге жатады. Қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кепілдік мөлшері 1 млрд теңгені қоса алғанға дейінгі кредит сомасының 50 %-ынан аспайды. Қаржылық лизинг бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері 1 млрд теңгені қоса алғандағы сомадан аспайтын лизинг нысанасы құнының 70 %-ынан аспайды. Қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі.»;

12-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Қаржы агенттігі:

         1) субсидиялау шарты жасалған ЖКС-нің жаңа кредитті және қаржылық лизингті мақсатты пайдалануын мониторингтеуді;

       2) ЕДБ-ға, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – ӨДҚ) және АНК-ге берілген қаражаттың мақсатты және уақтылы қаржыландырылуы жөніндегі ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асырады;

        ЕДБ-ға, ӨДҚ-ға және АНК-ге берілген қаражаттың мақсатты және уақтылы қаржыландырылуы жөніндегі ақпаратты жинау мен талдауды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларына сәйкес ЕДБ, ӨДҚ және АНК есебінің негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.»;

2) «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысында:

1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары;

2) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;

3) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;

4) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары;

5) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру қағидалары;

6) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары;

7) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидалары;

8) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары;

9) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдіктер беру қағидалары;

10) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Бәсекеге қабілеттілік» инвестициялық гранттарын беру қағидалары бекітілсін.»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидаларында:

2-тармақта:

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) кәсіпкер – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі;»;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) кредитті/микрокредитті нысаналы пайдалану – кәсіпкердің қарыз шарты бойынша алынған кредитті/микрокредитті осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін мақсаттарға пайдалануы (мақсатқа сай пайдалану кәсіпкердің төлем жүргізгенін және активті/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді толық көлемде алғанын және (немесе) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес басқа мақсаттарға қол жеткізгенін растайтын тиісті құжаттар жиынтығымен расталады);»;

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын кәсіпкерлердің жобалар;

2) ұлттық даму институттары кредитор болып табылатын кредиттер/микрокредиттер;

3) сыйақы мөлшерлемесі осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде арзандатылған ЕДБ/МҚҰ кредиттерді/микрокредиттерді/қаржыландыруын қоспағанда, олар бойынша сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған кредиттер/микрокредиттер;

4) ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын мүліктік кешен ретінде сатып алуға бағытталған кредиттер/микрокредиттер;

5) овердрафт түріндегі кредиттер «Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бағыты шеңберінде субсидиялауға және кепілдік беруге жатпайды.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру ломбардтардың, микроқаржы ұйымдарының, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін, сонымен қатар сауда саласындағы қызметті (азық-түлік саудасына жол беріледі) қоспағанда, инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

Жобаларды моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асыратын шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері үшін, ломбардтардың, микроқаржы ұйымдарының, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау және кепілдік беру салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын инвестициялық мақсаттарға арналған кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың ең жоғары сомасы 20 (жиырма) млн теңгеден және айналым қаражатын толықтыруға 5 (бес) млн теңгеден аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерге/микрокредиттерге/қаржыландыруға жаңартылатын және/немесе жаңартылмайтын негіздегі кредит желісі түрінде жол беріледі. Бір қарыз алушыға арналған лимит 20 (жиырма) млн теңгені құрайды. Кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды өтеген кезде Қағидаларда белгіленген лимит шегінде оны қайта алуға жол беріледі.»;

9-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 6 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады. Моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде жобаларды іске асыратын шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 5 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады.»;

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін портфельдік ішінара кепілдік мөлшері кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының 85 %-ын қоса алғанға дейінгі соманы құрайды, кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың қалған сомасын кәсіпкер ЕДБ/МҚҰ қалауы бойынша өтейді.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. ЕДБ/МҚҰ жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау/сараптама жүргізеді. ЕДБ/МҚҰ портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит/микрокредит/қаржыландыруды беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне:

1) кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының көшірмесін және кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне деректерді;

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама хатты береді.

Бұл ретте деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жіберілген жағдайда хабарлама хат талап етілмейді.»;

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Қаржы агенттігі ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері/ қаржыландыру бойынша кепілдіктерді талапты алған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде төлейді.»;

38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«38. Кредит шартына/қаржыландыру шартына қол қойған кезде кәсіпкер кредит қаражатын мақсатқа сай пайдалану бойынша өзіне міндеттеме алады. Кәсіпкер осы міндеттемені орындамаған жағдайда:

1) субсидиялау тоқтатылады, кәсіпкер қаржы агенттігіне төленген субсидиялар сомасын өтейді;

2) кәсіпкерді қаржыландыру шарттары қайта қаралады, оған сәйкес номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және
7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайды.»;

53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«53. Кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған кезде ЕДБ/МҚҰ қаржыландыру шарттарын қайта қарайды, оларға сәйкес номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайды.»;

мынадай мазмұндағы 58-1) тармақпен толықтырылсын:

«58-1. Банк/МҚҰ жобаның осы Қағидалардың және ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін /үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімнің шарттарына сәйкестігіне мониторингті, атап айтқанда:

кредиттік шарт/қаржыландыру шарты/микрокредит жасалған кезден бастап 1 (бір) жылдан кешіктірілмейтін мерзімде кредитті/қаржыландыру шартын/микрокредитті мақсатқа сай пайдалану мониторингін;

төлем тәртібінің мониторингін (тұрақты негізде);

кредиттік шарт/қаржыландыру шарты/микрокредит жасалған кезден бастап
1 (бір) жылдан кешіктірілмейтін мерзімде жобаның және (немесе) кәсіпкердің ұлттық жобаның, Қағидалар мен сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімнің талаптарына сәйкестігінің мониторингін жүзеге асырады.»;

59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«59. Қаржы агенттігі:

1) кәсіпкер инвестициялық жобалар (инвестициялық транш бойынша аралас кредиттік желілер) бойынша кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде (немесе кепілдік шартында белгіленген өзге де мерзімде) орындамаған;

2) қаржы агенттігіне хабарлама жіберілген жағдайда осы Қағидалардың 52-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ЕДБ/МҚҰ бойынша кредиттік қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылмағаны анықталған жағдайларда мониторинг жүргізеді.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру жобалары бойынша қаржы агенттігі іріктеп мониторинг жүргізеді.»;

көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы кепілдік міндеттеме оған қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және 20 __ жылғы «___» __________ қоса алғанда қолданыста болады, бұл құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде аяқталады. Бұл ретте Сіздің жазбаша талабыңызды біз жоғарыда көрсетілген күні Астана қаласының уақытымен сағат 16:00-ден кешіктірмей алуымыз тиіс.»;

    3) көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

        3-тармақта:

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);»;

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) банктің/лизингтік компанияның өтініші – банктің/лизингтік компанияның қосылу шартына қосылу туралы өтініші;»;

14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«14) кәсіпкер – өз қызметін осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі және өз қызметін тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғалар;»;

мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

«14-1) кәсіпкердің өтініші – кәсіпкердің қосылу шартына қосылу туралы өтініші;»;

мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«17-1) қосылу шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін және қаржы агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылатын стандартты нысандағы қосылу шарты нысанындағы субсидиялау шарты, оның талаптарын кәсіпкер және банк/лизингтік компания ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолымен қабылдайды;

17-2) қосылу шарты бойынша төлемдер кестесі – осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген тәртіппен келісілген банк/лизингтік компания мен қарыз алушы арасындағы банктік қарыз/қаржы лизингі шарты шеңберінде қол қойылатын кесте;»;

6-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«Субсидиялау қағидалары шеңберінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау үшін көзделген қаражатты өңірлік үйлестіруші өздерінің араларында жасалатын субсидиялау және (немесе) кепілдік беру туралы шарт негізінде қаржы агенттігіне аударады.

Субсидиялау және (немесе) кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;

11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер;»;

17-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын қолданыстағы барлық кредиттер/лизингтік мәмілелер ескеріле отырып белгіленеді. Бұл ретте кредит/лизинг сомасы бір кәсіпкер үшін, оның ішінде «жасыл» жобаларды іске асыру үшін 3 (үш) млрд теңгеден аспайды. Егер бірнеше үлестес кәсіпкерге бір бизнес-жобаны іске асыру үшін кредит/лизинг берілген жағдайда, онда бұл сома 3 (үш) млрд теңгеден аспайды.»;

22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Субсидиялау кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, сондай-ақ номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 6 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, «жасыл» жобаларды іске асыруға берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

Өз қызметін осы Субсидиялау қағидаларына 1-1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі салаларының тізбесіне сай жүзеге асыратын және жобаларды Шымкент қаласында, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, оның ішінде көрсетілген өңірлердің облыс орталықтарында іске асыратын кәсіпкерлер үшін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 5 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын
5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

23. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизинтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық мөлшерлеме есепке алынады.»;

43-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

   «Тетіктің шеңберінде банктердің/лизингтік компаниялардың меншікті қаражаты есебінен агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу және өндіру жөніндегі жобалар бойынша айналым қаражатын толықтыру мақсатына 100 % қаржыландыру кезінде мынадай іріктеу өлшемшарттары белгіленеді:

         өтінім беру кезінде мерзімі өткен салық берешегінің болмауы;

кредиттерге/қаржылық лизингке қызмет көрсету жөніндегі ағымдағы төлемдер бойынша есеп айырысуларды жүргізу мақсатына қаражат жұмсауына жол берілмейді.»;

50-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«50. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі жобаларды субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 7 %-ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.

ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 7,5 %-ын ЖКС төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-параграфпен толықтырылсын:

«4-1-параграф. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары

68-1. Кодекстің 232-1-бабында көзделген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау салалық шектеулерсіз және жобаны тіркеу және іске асыру орны ескерілмей жүзеге асырылады.

68-2. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін банктің/лизингтік компаниялардың жаңа кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша жүзеге асырылады.

68-3. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде бұрын мемлекеттік қолдау алмаған, кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қайта қаржыландыруға бағытталған, бұрын банктер/лизингтік компаниялар қаржы агенттігіне жоба енгізілгенге дейін
2 (екі) жыл ішінде (мерзім бірінші кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) берген және осы Субсидиялау қағидаларында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.

Қаржы агенттігінің субсидиялау құралы бойынша мақұлдауын алған әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында басқа банктерде/лизингтік компанияларда қайта қаржыландырылуы мүмкін.

68-4. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау әлеуметтік кәсіпкерлік шеңберінде мына мақсаттарға берілетін кредиттер/лизинг бойынша жүзеге асырылады:

инвестициялар (негізгі құралдарды сатып алу, құру және жаңғырту және (немесе) қолданыстағы бизнесті кеңейту);

айналым қаражатын толықтыру (кредиттерге/лизингтік мәмілелерге қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің негізгі қызметті жүзеге асыруымен байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда).

68-5. Жаңа кредиттерге/лизингтік мәмілелерге қаржы агенттігіне жоба енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде банктер/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/лизингтік мәмілелер де жатады.

68-6. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/лизинг сомасы бір әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі үшін 1,5 млрд теңгеден аспауға тиіс. Айналым қаражатын толықтыруға бір әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі үшін кредит сомасы 500 (бес жүз) млн теңгеге дейін құрайды.

68-7. Субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 5 %-ын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған номиналды сыйақы мөлшерлемесімен кредиттер/лизинг бойынша жүзеге асырылады.

68-8. Кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша субсидиялау мерзімі
5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді субсидиялау мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.

68-9. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/лизингті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/лизингтік компания әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне ағымдағы жылдың басынан бастап қаржы агенттігі ағымдағы жылы шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына қол қойған нақты күннен бастап 3 (үш) ай ішінде өтелуге тиіс.

Банк/лизингтік компания ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді Субсидиялау қағидаларының осы тармағында көрсетілген мерзімдерде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне уақтылы өтемеген жағдайда банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.»;

         72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«72. Кәсіпкердің жобасы және (немесе) ұсынылған материалдар осы Субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес келмеген және (немесе) құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайларда қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, банкке/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға/кәсіпкерге ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады.

Кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар осы Субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес келген және (немесе) құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда қаржы агенттігі құжаттар топтамасын алғаннан кейін төртінші күні кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысына шығарады.

Қаржы агенттігі жоба осы Субсидиялау қағидаларының 1-тарауының
10 және 11-тармақтарында, 2-тарауының 1, 2, 3, 5, 7 және 8-параграфтарында көрсетілген шарттарына сәйкес келмеген жағдайда дәлелді негіздемесімен субсидиялар беруден бас тартады.»;

91 және 92-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«91. Банк/МҚҰ/лизингтік компания осы Субсидиялау қағидаларының шеңберінде қолданыстағы кредит/микрокредит/лизинг бойынша субсидиялау шартына қол қойылған/кәсіпкердің өтінішін берген кезге дейін кәсіпкердің банктік қарыз шартында/микрокредит бойынша шартында/қаржылық лизинг шартында көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарады, ал жаңа/қолданыстағы кредиттер/микрокредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша банк/МҚҰ/лизингтік компания мыналарды:

1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру/микрокредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланыстыларды;

2) кәсіпкердің кредит/микрокредит/лизинг бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды;

3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (бөгде ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, арнаулы органдардың лизинг нысанасын тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеуді) қоспағанда, кәсіпкерден кредитке/лизингке байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттенеді.

92. Банктер/лизингтік компаниялар тетік шеңберіндегі жаңа кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша мыналарды:

1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру талаптарының өзгеруіне байланысты;

2) кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша міндеттемелерді бұзуының себебі бойынша алынатын;

3) кепіл затына тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісінен кредитке/лизингке байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттемелер қабылдайды.»;

94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«94. Тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушісінен субсидиялау үшін бюджеттен қаражат болмаған жағдайда субсидиялау шартына қол қойылмайды. Қосылу шарты бойынша төлемдер кестесі келісілмейді/кәсіпкердің өтінішін қаржы агенттігі қабылдамайды.»;

мынадай мазмұндағы 101-1, 101-2, 101-3 және 101-4-тармақтармен толықтырылсын:

«101-1. Қосылу шарты бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланған жағдайда, кәсіпкер
3 (үш) айды құрайтын қаржы агенттігінің уәкілетті органының оң шешімінің қолданылу мерзімі ішінде кәсіпкердің өтінішіне қол қояды және банкке/лизингтік компанияға ұсынады. Банк/лизингтік компания кәсіпкердің банктік қарыз/қаржылық лизинг шартымен қоса берілген қол қойылған өтінішін және қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі қабылданған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде қаржы агенттігіне қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін жібереді.

Қаржы агенттігі субсидиялау үшін қаражат болған кезде кәсіпкердің банктік қарыз/қаржылық лизинг шартымен қоса берілген өтінішін және қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін субсидиялаудың толтырылған талаптарының қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешіміне сәйкестігі тұрғысынан қарайды,
сондай-ақ қосылу шартына төлемдер кестесін сыйақының субсидияланатын бөлігін есептеудің дұрыстығы тұрғысынан келіседі және кәсіпкердің өтінішін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жауапты жұмыскердің қолымен растайды.

Ескертулер болған жағдайда қаржы агенттігі кәсіпкердің банктік қарыз/қаржылық лизинг шартымен қоса берілген өтінішін және қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қайтарады.

101-2. Субсидияларды төлеу банк/лизингтік компания ұсынған және қаржы агенттігі келіскен қосылу шарты (субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін көрсете отырып) бойынша төлемдер кестесінің негізінде жүзеге асырылады.

Қосылу шарты бойынша төлемдер кестесі бойынша субсидиялау мерзімі банк/лизингтік компания және кәсіпкер төлемдер кестесіне қол қойған күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын белгіленеді. Көрсетілген шарт ашық кредиттік желілер шеңберінде берілген кейінгі кредиттерге (транштарға) қолданылмайды, бұл ретте қосылу шарты бойынша төлемдердің кейінгі кестелері кәсіпкердің өтінішінсіз ұсынылады.

101-3. Жобалар бойынша субсидиялар тиісті өңірлік үйлестірушіден/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органнан қаражат болған кезде төленеді.

101-4. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, банк/лизингтік компания дербес айқындайды. Егер кредит/лизинг бойынша сыйақыны есептеу кәсіпкер, банк/лизингтік компания қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне қол қойған күннен кейінгі күннен басталатын жағдайда, кәсіпкер, банк/лизингтік компания қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.»;

102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«102. Банк қаржы агенттігіне субсидиялар сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.»;

мынадай мазмұндағы 104-1-тармақпен толықтырылсын:

«104-1. Өңірлік үйлестіруші қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында «Шағын жеке және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру» бағытын іске асыруға бөлінген соманың 50 % мөлшерінде қаржы агенттігі көрсеткен шотқа қаражат аударуды жүзеге асырады. Кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.»;

106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«106. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер кестесін/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) банктегі/даму банкіндегі/банк-төлем агентіндегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражат аударылғаннан кейін қаржы агенттігі қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін электрондық пошта бойынша жіберу арқылы банкті/даму банкін/МҚҰ-ны/лизингтік компанияны бір мезгілде хабардар етеді. Хабарламада банктің/даму банкінің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүзеге асырылған кезең көрсетіледі.»;

107-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Банкте/даму банкінде/банк-төлем агентінде жоғарыда аталған көрсеткіштер түзетілген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды субсидиялау шартына төлемдер кестесін/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.»;

мынадай мазмұндағы 119-1-тармақпен толықтырылсын:

«119-1. Қосылу шарты бойынша субсидиялау кезінде төлем кестесінде көзделген қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарына өзгерістер енгізілген кезде банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне өзгерістерді ескере отырып, банктің/лизингтік компанияның хатын және қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін жібереді.

Бұл ретте егер банк/лизингтік компания кредит/лизинг сомасын және (немесе) сыйақы мөлшерлемесін, жеке сәйкестендіру нөмірін/бизнес-сәйкестендіру нөмірін ауыстыра отырып, кәсіпкердің атауын/борышты аудару мынадай шарттарды өзгерткен жағдайда, бұл өзгерістерді қаржы агенттігі 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігінің уәкілетті органның қарауына шығарады. Қарау нәтижелері бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізу мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап
2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді.

Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылданғаннан кейін
1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі хаттамадан үзінді көшірмені банкке/лизингтік компанияға және кәсіпкерге жібереді.

Кәсіпкердің өтінішінде көзделген талаптар өзгерген жағдайда, кәсіпкер қаржы агенттігінің үзінді көшірмесін алғаннан кейін банкке/лизингтік компанияға қосылу шартына қосымша өтініш жібереді, ол, өз кезегінде, осы өтінішті қаржы агенттігіне қосылу шартына өзгертілген кестемен ұсынады.»;

129-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«4) төтенше жағдайдың/ахуалдың қолданысы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/субсидиялау шартына төлемдер кестесіне/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне сәйкес төлемдерді төлеу бойынша банк/МҚҰ алдындағы міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

5) төтенше жағдайдың/ахуалдың қолданысы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің қаржылық лизинг шартына төлемдерді өтеу кестесіне/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне сәйкес лизингтік төлемдерді енгізу бойынша лизингтік компания/банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамауы;»;

130-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтата тұрған күннен бастап жүзеге асырылады, бұл ретте кредитті/микрокредитті/лизингтік мәмілені мақсатсыз пайдаланған кезде субсидиялау кредит қаражатын/лизингтік мәмілелерді мақсатсыз пайдалану сомасына барабар түрде тоқтатылады. Мақсатқа сай пайдаланылуын растайтын кредиттің/микрокредиттің/лизингтің қалған бөлігі бойынша және кәсіпкер мақсатсыз пайдаланудың мөлшеріне барабар түрде төленген субсидиялар сомасын қайтарған жағдайда субсидиялау төлемдер кестесіне/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне сәйкес жалғастырылады. Кредиттің/микрокредиттің/лизингтік мәміленің толық мақсатсыз пайдаланылғаны анықталған жағдайда субсидиялау мерзімі басталған күннен бастап субсидиялау тоқтатылады.»;

мынадай мазмұндағы 135-1-тармақпен толықтырылсын:

«135-1. Мынадай:

1) кәсіпкер банк/даму банкі/лизингтік компания алдында банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша кредитті толық өтеген (кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредитті/лизингті толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады);

2) қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған;

3) кәсіпкер өзінің бұрын қол қойылған өтініші бойынша субсидиялау шарттарынан өз бастамасы бойынша бас тартқан жағдайларда қосылу шарты бойынша субсидияларды төлеу тоқтатылады.»;

139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«139. Кәсіпкер кредит/микрокредит/лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесін немесе қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің көшірмесін не банктің/даму банкінің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның төлемдерді өтеудің электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) өзгертілген кестесі бар және төленуге тиесілі субсидиялар сомасы көрсетілген хатын жібереді.

Кәсіпкер күнтізбелік ай ішінде кредит/лизинг бойынша негізгі борышты бірнеше рет мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесін немесе қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің осындай жағдайлар бойынша біріктірілген көшірмелерін не банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) өзгертілген төлемдерді өтеу кестесі бар және төленуге тиісті субсидиялар сомасы көрсетілген хатын ұсынуға жол береді.»;

148-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«148-2. 2022 жылғы 26 шілдеге дейін мақұлданған тетік шеңберіндегі жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттармен қолданылады.»;

көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшада:

3-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қаржы агенттігінің алғаш талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ статистикалық деректерді беруге және ашуға міндеттенемін.»;

4) көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер;»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайтын тауардың номиналды үстеме бағасымен/жалдау төлемінің бір бөлігімен қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.»;

көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

3-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қаржы агенттігінің алғаш талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ статистикалық деректерді ұсынуға және ашуға міндеттенеді.»;

5) көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

6) көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидаларында:

3-тармақта:

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар
(ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) жоба – кәсіпкер кіріс алуға бағытталған бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, бизнестің түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы
(бір жоба шеңберінде бірнеше кредиттер/қаржылық лизинг шарттары алынуы мүмкін).

Бір жоба бір мезгілде мынадай 2 (екі) өлшемшартқа сәйкес келетін екі және одан да көп жобалардың жиынтығы болып саналады:

жоба бір объект ретінде жүзеге асырылады (физикалық немесе технологиялық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты бір ғимарат/құрылым/объект болып табылады);

жоба ЭҚЖЖ бір кіші сыныбы шеңберінде іске асырылады;»;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) кәсіпкер – өз қызметін осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі және өз қызметін тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғалар;»;

22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«22) портфельдік кепілдік беру – қаржы агенттігі банк/кәсіпкер үшін белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдіктер беру нысаны;»;

14-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер;»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Кепілдік беру банк/лизингтік компания кәсіпкердің жобасы бойынша шешім қабылдаған күні 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінен аспайтын банктің/лизингтік компанияның кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.»;

26-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) кепілдік мөлшері:

360 (үш жүз алпыс) млн теңгеге дейін кредит сомасының 85 %-ынан;

600 (алты жүз) млн теңгеге дейін кредит сомасының 70 %-ынан;

1 (бір) млрд теңгеге дейін кредит сомасының 50 %-ынан аспайды.

Кәсіпкер бұл ретте берілетін кепілдіктерге байланысты кепілдік құны 15 %-дан 50 %-ға дейінгі мөлшерде кредит бойынша қамтамасыз етуді береді (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді).

Қаржылық лизинг бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері лизинг нысанасы құнының 70 %-ынан аспайды. Қосымша қамтамасыз ету ретінде
жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі;»;

мынадай мазмұндағы 1-1-параграфпен толықтырылсын:

«1-1-параграф. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру шарттары

32-1. Кодекстің 232-1-бабында көзделген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау салалық шектеулерсіз және жобаны тіркеу және іске асыру орны есепке алынбай жүзеге асырылады.

32-2. Кредиттерге кепілдік беру инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін банктің жаңа кредиттері бойынша жүзеге асырылады.

32-3. Ішінара кепілдік беру:

инвестициялар (негізгі құралдарды сатып алу, құру және жаңғырту және (немесе) қолданыстағы бизнесті кеңейту);

айналым қаражатын толықтыру (кредиттерге қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысулар жүргізуді және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда) мақсаттарына әлеуметтік кәсіпкерлік шеңберінде берілетін кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

100 % айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) жобалар шеңберінде ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттерге тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізу туралы талаптар қолданылмайды.

32-4. Кепілдік беру шарттары:

1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберінде кредит (-тер) сомасы банктің кредиттері бойынша 360 (үш жүз алпыс) млн теңгеден аспайды.

Бұл ретте кредит (-тер) сомасы кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;

2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-нан аспайды, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі бұл ретте құны кредит сомасының кемінде 15 %-ы мөлшеріндегі кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді береді (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді);

3) берілетін кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды;

4) кредит валютасы – теңге.

32-5. Кепілдік беру банктің әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің жобасы бойынша шешім қабылдаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын, 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған номиналды сыйақы мөлшерлемесі бар банктің кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады.»;

39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«39. Банк/лизингтік компания шешім қабылдаған күні номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизингі кепілдік беруге жатады. Кепілдік кредит/қаржылық лизинг мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.»;

47-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Банк/лизингтік компания құжаттарды қаржы агенттігіне берген кезде салық берешегінің жоқтығы туралы өзекті анықтаманың болуы талап етіледі.»;

48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«48. Қаржы агенттігі банктен/лизингтік компаниядан құжаттарды және кәсіпкерден өтінішті алғаннан кейін 500 (бес жүз) млн теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде және 500 (бес жүз) млн теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды қарайды және жобаны кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін қаржы агентінің уәкілетті органының қарауына шығарады. Кәсіпкердің және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша жоба шеңберінде алынған кредиттер бойынша жиынтық берешегі, портфельдік кепілдік беру шеңберінде берілген кепілдіктерді қоспағанда, 500 (бес жүз) млн теңгеден асатын жағдайда, кейінгі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;

49-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Кәсіпкердің жобасы және (немесе) ұсынылған материалдар осы Кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, қаржы агенттігі нақты сәйкессіздіктерді көрсете отырып, дәлелді бас тартуды жібереді.»;

77-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Кредит/лизинг/кепілдік сомасы/мерзімі ұлғайған, ЭҚЖЖ өзгерген жағдайда, жобаның Кепілдік беру қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.»;

7) көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

8) көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу қағидаларында:

2-тармақтың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«21) өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, қатысушылардың жалпы санының кемінде 50 %-ы бизнес-қоғамдастықтың өкілдерінен тұратын консультативтік-кеңесші орган;»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады:

1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 200 (екі жүз) млн теңгеден кем болмауға тиіс;

2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 50 (елу) млн теңгеден кем болмауға тиіс, бұл ретте Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша жобалар үшін
5 (бес) млрд теңгеден аспайтын сомадағы инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды), сондай-ақ «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жобаларды қоспағанда, инфрақұрылымды (коммуникациялардың барлық түрлеріне) салудың (реконструкциялаудың) ең көп сомасы 1 (бір) млрд теңгеден аспауға тиіс;

3) жобаларды салуға дайындық дәрежесі кемінде 30 %.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жобаларды салуға дайындық дәрежесі кемінде 30 % болатын жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобалары үшін жүзеге асырылады:

1) жобаға салынған инвестиция көлемі 10 (он) млрд теңгеден кем болмауға тиіс;

2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 1 (бір) млрд теңгеден кем болмауға, бірақ 10 (он) млрд теңгеден аспауға тиіс;

3) жобаларды салуға дайындық дәрежесі кемінде 30 %.»;

16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Астана, Алматы және Шымкент қалаларында – кемінде 3 (үш) мың шаршы метр сауда алаңы бар;»;

17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының өлшемшарттарына сай келмейтін индустриялық аймақтың жобаларына инфрақұрылым жеткізу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу өлшемшарттарына сай келетін индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен де жүзеге асырылуы мүмкін.

18. Индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жергілікті бюджеттен құрылыс құнының кемінде 10%-ы мөлшерінде қоса қаржыландыру кезінде жүзеге асырылады.

Жергілікті атқарушы органдар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің және индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу кезінде қатысушыларға халықты жұмыспен қамту орталықтарының бағыттары бойынша құрылыс (реконструкциялау) кезінде жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10 % береді.»;

33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«33. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қаражат бөлу қажеттілігі туралы бюджеттік өтінімді қалыптастырады және:

1) осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының 13, 15 және
16-тармақтарының өлшемшарттарына сәйкес келетін индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобалары бойынша – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға;

2) жергілікті бюджет қаражаты есебінен инфрақұрылымды жеткізуді жоспарлап отырған және құрылыс құнынан 10 % мөлшерде жобаларды қоса қаржыландыруды көздейтін кәсіпкерлердің мақұлданған жобалары бойынша – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.»;

мынадай мазмұндағы 72-тармақпен толықтырылсын:

«72. Өңірлік үйлестірушілер жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 10 (оныншы) ақпанынан кешіктірмей, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға шағын және орта кәсіпкерлік жобаларының іске асырылу мәртебесі туралы ақпарат береді. Жобалар пайдалануға берілген жағдайда өңірлік үйлестірушілер құрылған тұрақты және уақытша жұмыс орындары, салық аударымдары, өнім шығару және еңбекақы төлеу қорының ұлғаюы туралы ақпарат береді.»;

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

5-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«қызметтің бейінді бағыты (*жоба облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады): _________________»;

9) көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

10) көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларында:

3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Астана қаласының шегіндегі аумақ;»;

10-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер.»;

11) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Бәсекеге қабілеттілік» инвестициялық гранттарын беру қағидаларымен толықтырылсын.

2. Осы қаулы мыналарды:

1) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың
2) тармақшасының екі жүз отызыншы, екі жүз отыз бірінші, екі жүз отыз екінші, екі жүз отыз үшінші, екі жүз отыз төртінші, екі жүз отыз жетінші, екі жүз отыз сегізінші, екі жүз отыз тоғызыншы, екі жүз қырықыншы, екі жүз қырық бірінші, екі жүз елу екінші, екі жүз елу үшінші, екі жүз елу төртінші абзацтарын;

2) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың
2) тармақшасының екі жүз отыз бесінші, екі жүз отыз алтыншы, екі жүз қырық төртінші, екі жүз қырық бесінші, екі жүз қырық алтыншы, екі жүз қырық жетінші, екі жүз қырық сегізінші, екі жүз қырық тоғызыншы, екі жүз елуінші, екі жүз елу бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                            Ә. Смайылов

 

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Қосымша 5

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу