Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1470 Қаулысы

 «Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөніндегі бiлiктiлiк талаптары мен өлшемдерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1470 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөніндегі бiлiктiлiк талаптары мен өлшемдерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 429-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсiне қойылатын талаптарды бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсiне қойылатын талаптар бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөнiндегi білiктiлiк талаптары мен өлшемдерi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ

Қосымшаның мәтіні республикалық БАҚ-та жарияланды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу