ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ​​​​​​​

Бағдарламаның мақсаты:

1. Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту.
2. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру.

 

Міндеттері:

  • Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту.
  • Қалалық және ауылдық мектептердің, өңірлердің, оқу орындарының, білім алушылардың арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту.
  • Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету.
  • Үздік практикалар негізінде білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдарының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу.
  • Экономика қажеттіліктеріне және өңірлік ерекшеліктерге сәйкес оқытудың, кәсіптік даярлықтың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.
  • Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету.
  •  Білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру.
  • Білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесінің вертикалін енгізу.
  • Ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту.
  • Ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және цифрландыру.
  • Ғылыми әзірлемелердің нәтижелілігін арттыру және әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануын қамтамасыз ету.

 

БАҒДАРЛАМАНЫ ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу