09 Жел 2020, 16:53
Бағдарламаның мақсаты - тұрғын үйдің қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту.
Бағдарламаның міндеттері:
1. Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру
2. Халықты сапалы ауызсумен және су бұру қызметтерімен ұтымды қамтамасыз ету
3. Тұрғын үй-коммуналдық секторды жаңғырту және дамыту
4. Тұрғын үй қорын күрделі жөндеу және реновациялау
5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жетілдіру
Нысаналы индикаторлары:
Мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізу:
1) 2025 жылға қарай қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді жыл сайынғы іске қосу көлемін − 20,7 млн шаршы метрге дейін ұлғайту;
2) 2025 жылға қарай тұрғын үймен қамтамасыз ету бір тұрғынға − 26 шаршы метр;
3) 2025 жылға қарай қалалар мен ауылдарда сумен жабдықтау қызметтеріне халықтың 100% қол жеткізуі;
4) 2025 жылға қарай жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын төмендету − 47%;
5) 2025 жылға қарай күрделі жөндеуді талап ететін объектілердің, кондоминиумдардың үлесін қысқарту − 18,1%;
6) 2020-2025 жылдары 60 мың жұмыс орнын құру.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу