Ержан Қазанбаев ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Ержан Қалдыбайұлы Қазанбаев Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Ержан Қазақбаев 1983 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Алматы технологиялық университетін, Абердин университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2008 жылы «Экспресс Банк» АҚ-да комплаенс-бақылаушы болып бастаған. Сондай-ақ коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2010-2012 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің Инвестициялық саясат басқармасы сарапшысының м. а., сарапшысы.

2012-2013 жылдары — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау басқармасының басшысы.

2013 жылы — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті мемлекет міндеттемелерін басқару саясаты басқармасының басшысы.

2013-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары.

2016-2019 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры.

2020 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу