Ерболат Мұқаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Мұқаев Ерболат Рахметұлы ҚР ИИДМ аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Ерболат Мұқаев 1961 жылы Орал облысында туған.

Гурьев педагогикалық институтын, БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген. Мамандығы бойынша физика пәнінің мұғалімі, саясаттанушы, экономист.

Еңбек жолын 1979 жылы орта білім беру мекемелерінде оқытушылық қызметтен бастаған.

1985-1992 жж. Орал облысының комсомол және партия ұйымдарында жұмыс істеді.

1992-1993 жж. — Орал облысы Фурманов аудандық статистика бөлімінің бастығы.

1993-1996 жж. — Орал облысы Фурманов аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары.

1996-2001 жж. Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында басшылық қызметтерде еңбек етті.

2001-2005 жж. — Орал қаласында облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары.

2005-2007 жж. — Орал қаласы әкімінің орынбасары.

2007-2008 жж. — Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.

2008-2020 жж. — төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымындағы Парламент Сенатының депутаты.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу