Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2005–2007 жж. — Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 

2007-2008 жж. — Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 

2008-2013 жж. — Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі. 

2013-2021 жж. — Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі. 

2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу