Аида Құрманғалиева ҚР ЕХӘҚМ аппаратының басшысы қызметінен  босатылды

Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Аида Дәденқызы Құрманғалиева ҚР ЕХӘҚМ аппаратының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Аида Құрманғалиева 1970 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.

Әр жылдары қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде жұмыс істеді.

2009-2013 жылдары — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі, «ҚазМедТех» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

2013-2021 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.

2021 жылдың қаңтарынан бастап осы уақытқа дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.


 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу