Еркебұлан Дауылбаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев берген өтінішіне сәйкес ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Еркебұлан Дауылбаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей кеден академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаменті инспекторы, жетекшісінің орынбасары болып бастады.

Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде басшылық қызметте болды.

2017-2018 жылдары – ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары.

2018-2020 жж. Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болды.

2020-2021 жылдары – ҚР ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары.

2021-2022 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2022 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу