Ермек Алпысов ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Ермек Амантайұлы Алпысов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды.

Ермек Алпысов 1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған.

Түрлі жылдары коммерциялық секторда жұмыс істеген. Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің орынбасары, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Талдықорған қаласының әкімі қызметтерін атқарған. ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда болды.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ұлттық экономика вице-министрі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу